Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындарға өмір сыйлаған бөлім

Тұрғындарға өмір сыйлаған бөлім

Соңғы уақытта жүрек қан тамырлары аурулары қазалылықтар арасында белең алуда. Жасы егде тартқандармен қатар жастар да жиі ауыр халде ауруханаға түсетіні дәрігерлерді алаңдатуда. Осы орайда Қазалы теміржол ауруханасына ангиография жабдығы алынып, құрылған болатын. Бұл құрылғының атқарар қызметі мол. Ең бастысы, науқастардың өмір сүру сапасын жақсартып, тіршілік етер жасын ұзартуға септігі зор. Аталған аппарат алынғалы жиырмаға жуық ота жасалып, науқастардың денсаулығы түзелуде.
Қазір жүрек мазасыздығымен сырқаттанушылар саны көбеюіне байланысты жиырма орындық терапия бөлімінің он кереуіті жаңадан ашылған кардиология бөліміне берілді. Осы күні мұнда он үш адам ем алуда.
– Жүрек пен қан тамырларының құрылысы, қызметі және олардың ауруларының пайда болу себептері мен дамуы, белгілері және оларды анықтау, емдеу әдістері мен олардан алдын ала сақтану жолдары туралы ғылым, медицинаның бір саласы.
Жүрек аймағындағы ауырсыну, оның жұмысындағы үзілістер, қан қысымының жоғарылауы, тез шаршау – бұл ауруханаға баруға басты себеп. Өйткені кез келген аурудың, әсіресе жүрек-қан тамырлары жүйесінің адам өміріне қауіп төндіретін асқынуларын күткеннен гөрі ерте кезеңдерде алдын-алу немесе емдеу оңай екендігі ешкімге құпия емес.
Бөлімшенің негізгі құндылығын 15 адамнан асатын мамандар тобы құрайды. Тәжірибелі, мұқият және мейірімді қызметкерлер көмекке келуге әрқашан дайын. Жоғары мамандандырылған мамандар командасының (кардиологтар, кардиохирургтер, реабиатологтар) үйлесімді жұмыс атқарады. Пациенттер белсенді өмір салтына тез оралуы үшін жаңа технологияларды қолданып және әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескеріп, оңалту бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді, – дейді Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Айгүл Күлмағамбетова.
Кардиологиялық бөлімше жұмысының негізгі бағыттары – сыртқы күшейтілген контрпульсацияны, соққы-толқынды терапияны қоса алғанда, кардиореабилитацияның ең заманауи әдістерін пайдаланып, жүре пайда болған жүрек ақаулары, кардиомиопатиялар бар жүректің ишемиялық ауруының созылмалы тұрақты нысандары бар пациенттерді тексеру және емдеумен айналысады.
Сонымен бірге жіті миокард инфарктісі, үдемелі стенокардиясы бар, оның ішінде шұғыл коронарографияны, баллонды ангиопластиканы және коронарлық артерияларды стенттеуді қолданып емделушілерді емдейді. Бұған қоса эндоваскулярлы операциялық араласуларды дайындау және жүргізіп, баллонды ангиопластика және коронарлық артерияларды стенттейді.
Сонымен қатар аортокоронарлық шунттау мен қосалқы қанайналым құрылғыларын имплантациялау операциясы үшін науқастарды дайындау, гипертониялық ауруы, симптоматикалық артериялық гипертензиясы бар сырқаттанушыларды диагностикалап, тексеруден өткізеді және емдейді. Ырғақты шұғыл немесе жоспарлы қалпына келтіруді қоса алғанда, жүрек ырғағының әртүрлі бұзылыстары бар емделушілерді тексереді. Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі барларға ем-дом жасайды. Туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары бар ауруларды емдейді. Оларды операциялық араласуға дайындайды. Сондай-ақ эндокард, миокард, перикард, кардиомиопатия аурулары бар пациенттерді тексеріп, жан-жақты ем жүргізеді.
Кардиология бөлімі ашылғалы жүрек қан тамырлары ауруларын азайтуға ақхалаттылар бар күш-жігерін жұмсауда.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
15 сәуір 2025 ж. 385 0

Атышулы оқиға ақиқаты

15 сәуір 2025 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930