Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арнаулы төлем – қандай төлем

Арнаулы төлем – қандай төлем

Елімізде 2025 жылдың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бір топ азаматтарға арнаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Арнаулы төлем деген қандай төлем? Оның басқа әлеуметтік қолдаулардан айырмашылығы неде?
Еңбекке – құрмет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы Жарлығында Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдап, жүзеге асыруды жауапты органдарға жүктеген болатын.
Экономист Санат Нұрмаштың айтуынша, арнаулы әлеуметтік төлемнің биыл да жалғасын табуы қоғамда еңбек, кәсібилік сияқты қасиеттердің бағаланып, жұмыс сапасын арттып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға ынталандыратын бірден-бір шара болып отыр.
Қанша адам қол жеткізді?
Қазақстан Ресубликасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты жақында, арнаулы әлеуметтік төлемді елде қанша адам ала алатыны туралы мәлімет жариялады. Онда 2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша 1940 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалатыны көрсетілген. Аталған төлемді тағайындауға 1957 адам өтініш білдіргендігі де мәлімделген.
Қаржы қайдан босатылады?
«Төлемнің бұл түрі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне байланысты тағайындалған. Бұл кәсіптері уәкілетті мемлекеттік органдар бекітетін өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға тағайындалатын ақшалай төлем», –дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Қызылорда облысы бойынша филиалы, әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша аудандық бөлімінің бас маманы Тәуірбай Құлмұратов..
«Нені ескерген жөн?»
«Өтініш беруші жәрдемақымен бір уақытта бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш бере алады», – дейді Тәуірбай Задашұлы.
Төлем қалай төленетіні туралы сұрадық.
«Екі көзден төленетін төлем түрі бар. Олар республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы тағайындалады.
Әлеуметтік төлемнің республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы сынды төрт қаржыландыру көзінен берілетін арнаулы тағайындауы да бар», – дейді ол.
Белгілі болғандай, Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген.
Тәжірибеге қарай ма, әлде жас ерекшелігі бар ма?
Редакцияға арнайы келген, Әйтеке би кентінің тұрғыны, бұрынғы теміржолшы Марат Ахметов арнаулы әлеуметтік көмек алуға жасы келсе де, зейнетке шығып кетуі бөгесін болғанын жеткізді.
Жауапты министрлік жүктеген ережеде арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін жұмысшының 55 жасқа толуы міндеттелген. Және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндеттеледі. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Сондай-ақ аталмыш төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауы тиіс. Жұмыскерлер жеңілірек жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алатыны айтылған.
Ал жоғарыда аталған Әлеуметтік кодекске сай, жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады.
Арнаулы әлеуметтік төлемді экономиканың тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және өзге де 17 саласында жұмыс істейтін, тұрғылықты мекенжайы бар, қазақстандық ала алады.
Айта кетерлігі, өткен жылы бұл төлемге 13 568 азамат қол жеткізген. Олардың 3 093-і 2 көзден алса, 10 475 өтініш берушіге 4 көзден төлем тағайындалған. Төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асқан.

Дайындаған Алтын МЕЙІРХАНОВА
12 сәуір 2025 ж. 84 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930