Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соғыс ардагерлері 5 миллион теңгеден ала бастады

Соғыс ардагерлері 5 миллион теңгеден ала бастады

Фото: gov.kz
el.kz Биыл адамзат тарихында өшпес із қалдырған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады. Осыған орай, биыл Президент пәрменімен соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек беру жоспарланған еді.

Ресми дерекке сүйенсек, 2025 жылғы 20 қаңтардағы жағдайға сәйкес, елімізде Екінші дүниежүзілік соғыстың 111 ардагері, сондай-ақ жеңіске үлес қосқан 42 545 азамат тұрады.

Бірреттік төлемді алғашқылардың бірі болып Қостанайлық ардагерлер алды. Қазір мұнда 7 майдангер тұрады. Күні кеше олардың шотына ақша аударылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған дейін «Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі. Қарттарды әлеуметтік қорғау іс-шаралары орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жүзеге асырылады» деген болатын.

Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандарға, зейнетақыларын ескере отырып, ай сайын берілетін әлеуметтік төлемдердің жиынтық мөлшері – 262 334 теңгені құрады. Ал, екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде жараланған жандар 279 330 теңге алып отыр. Жалпы, ардагерлер мен еңбеккерлерді әлеуметтік қолдау шараларына биыл бюджеттен 17 млрд теңге қарастырылған.

Бұған қоса ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлері де бар. Мәселен, олар салық бойынша жеңілдіктерді пайдаланады. Сонымен қатар, Астана, Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық мамандар көмек көрсетеді, санаторилерде де емделуге мүмкіндік бар.
04 сәуір 2025 ж. 487 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930