Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстаннан былтыр 12 мыңнан аса адам толықтай көшіп кеткен

Қазақстаннан былтыр 12 мыңнан аса адам толықтай көшіп кеткен

Ал тұрақты тұруға 30 мыңға жуық адам келген
Қазақстаннан былтыр 12 мыңнан аса адам толықтай көшіп кеткен
Фото: istockphoto.com
Шетелдіктер Қазақстанға жиі қоныс аударатын болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми деректерге сәйкес, өткен жылы Қазақстанда сыртқы көші-қонның оң сальдосы сақталып, 16 550 адамға өсті. Елімізден 12 732 адам толығымен көшіп кетсе, 29 282 адам келген.
«Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асады. Бұл елдерден келгендердің үлесі 81,6%, осы елдерге кеткендердің үлесі 74,8% болды. Басқа елдер арасында ең көп көшіп келгендер Қытай, Моңғолия және Түркия елдерінен болса, көшіп кеткендер Германия, Польша және Америка Құрама Штаттарына қоныс аударған», - делінген хабарламада.
Тұрақты тұруға келгендердің басым бөлігі Алматы (6 260 адам), Алматы облысы (4 788 адам) және Маңғыстау облыстарын (3 680 адам) таңдаған.
Бұл ретте ең көп кету көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (2133 адам), Қарағанды (1588) және Шығыс Қазақстан (1195) облыстарынан байқалады.



14 наурыз 2025 ж. 141 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31