8 айда елімізден 22 685 адам кетіп қалған

Негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрген.
ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1%-ды, көшіп кеткендердің үлесі 86,1% болып отыр.
Статистика бюросының дерегінше, өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда республика шегінде көшіп-қонушылардың саны 7,3%-ға артқан.
Өңіраралық мекен ауыстыру бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің 4 өңірінде қалыптасты: Алматы (20 235 адам), Нұр-Сұлтан (18 390 адам), Шымкент (9 276 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (346 адам).