Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құмар ойын ойнаған шенеуніктер жұмыстан қуылды

Құмар ойын ойнаған шенеуніктер жұмыстан қуылды

Солтүстік Қазақстан облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, талдау шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері анықталған.
«Мәселен, Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы Заң талаптарын бұза отырып, «1XBET» букмекерлік кеңсесінде жүйелі негізде «ставкалар» қоюды жүзеге асырған. Осындай бұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарына қатысты анықталды», делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде аталған қызметкерлер лауазымдарынан босатылған. 
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың шілде айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізіліп, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынған еді. Егер бұл талап бұзылса, қызметкер жұмыстан теріс себептермен босатылады.

Фото: Ашық дереккөз
11 наурыз 2025 ж. 330 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 151

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 167

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031