Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарды ойнауға заңмен қатаң тыйым салынды
Қазақстанда мемлекеттік лауазымдағылар үшін қосымша шектеулер күшіне енді. Ойын бизнесі мен лотереяларға қатысты жаңа түзетулер енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото pixabay.comМемлекет басшысы 8 шілдеде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Заңға енгізілген түзетулерде құмар ойындары мен бәс тігуге тыйым салынатын лауазымдылардың тізімі кеңейтілді.
Еске салсақ, Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен казинолар құмар ойындардың қаупі туралы ескертуге міндеттелетінін хабарлаған едік.