Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүл сыйлау дәстүрі қашан және қайда пайда болған?

Гүл сыйлау дәстүрі қашан және қайда пайда болған?

Гүл сыйлау үрдісінің пайда болуы туралы нақты деректен гөрі аңыз көп, де­генмен әлем­­нің түкпір-түкпірінен та­был­ған заттай дә­­лелдер бізге ең көне гүл сыйлау дәстүрлері туралы ақ­парат береді.
сурет: istockphoto.com
Көктемнің алғашқы аптасында гүл саудасы күрт қызады. Дегенмен, бұл үрдіс жыл бойы адамдардың бір-біріне қуаныш сыйлауына сеп болып келеді. Гүл сыйлау үрдісін нақты қашан, қай кезде кім қалыптастырғаны беймәлім, бірақ қазір бұл – ілтипат білдірудің әлем жұртшылығының ортақ формасына айналған. Гүл сыйлау үрдісінің пайда болуы туралы нақты деректен гөрі аңыз көп, де­генмен әлем­­нің түкпір-түкпірінен та­был­ған заттай дә­­лелдер бізге ең көне гүл сыйлау дәстүрлері туралы ақ­парат береді.
Батыста гүл арқылы діни рәсім­дер де өт­кізілген, ежелгі грек­тер құ­дай­­лар­ды, би­леушілерді және ақы­лы­мен, батырлы­ғы­мен танылған адам­дарға гүл шоқ­тарын сый­лаған.

Ал Үн­дістан­да гүлдестелер құ­дай­­лар­дың мүсін­деріне қойыл­са, Жапонияда ежелгі дәуірден бері сакура, хри­зантема және бас­қа өсімдіктердің гүл атауы­на орай­лас­тырыл­ған мере­келер бар. Жапон­дар­дың дәс­­түрлі икебана өне­рінің де тамыры терең­де жатыр, қазір оны бүкіл әлем­нің фло­­рис­тері қолданады.

Уақыт өте келе дәстүрлер басқаша си­­пат ала бастады, Еуропа патша­лары­­ның сарай­ларында гүлге байланысты жаңа дәстүрлер қа­лыптасты. Мәселен, пат­ша­­лар мен импера­тор­лардың сарайларында гүл өсіріп, бөлмелерді гүл шоқтарымен бе­зен­діретін арнайы дайындалған бағбандар мен декораторлар пайда болды. Римде, им­ператор Неронның билігі тұсында, мерекеге шақырылған дворяндарды гүл күлтелерін ша­шып қарсы алу үрдісі қалыптасты. Шығыс би­леушілерінің де хризантема мен таушымылдыққа то­лы үлкен бақтары болды. Уақыт өте келе, пат­ша­лардың бұл дәстүрлерін байлар қай­та­лай баста­ған. Олар гүлдердің қымбат әрі жаңа сорттарын сатып алып, таңғаларлық ком­позиция жасауды бәсекеге айналдырды.

Осы­лайша, ортағасырлық Еуропада бас­тал­ған гүлге табынушылық шарық­тау шегіне Ни­дерландта жеткен: сирек кездесетін гүл­дің 3 дана пиязшығын Амстердамдағы үйге айырбастаған жағдай болған екен. 1840 жылы Жюль Лашом (Jules Lachaume) Парижде өзінің әйгілі гүл дүкенін ашты жә­не ол әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр, әу бас­тағы ерек­шелігі мен танымалдығын да жо­ғалтпаған. Жюль Лашом тұңғыш флорист деп есептеледі және 1847 жылы гүл шоғын жинау мен безендіру тура­лы алғашқы кітап­тың авторы саналады.

Ресейде XVIII ғасырға дейін гүл сыйлау дәс­түрі болмаған. Мұнда гүлдер сый ре­тін­де емес, әдет-ғұрып, салт-дәстүр және діни рәсім­дерді атқару кезінде пайдала­ныл­ған. Бірақ гүл өсіру мен флористиканың дамуы бұл елді де айналып өтпеген. Гүл сый­лау үрдісі Ресейге XVIII ғасырда, романтизм дәуірінде, Романовтар әулетінің тұсында кел­ген деген дерек бар.

Ал біздің еліміз қызғалдақтың отаны са­налады. Қоғамда қызғалдақтың отаны Ни­дер­ланд деген де пікір бар. Алайда ға­лым­дар мұны бұрыннан жоққа шығарып келеді. Шамасы, бұл пікір осы елдегі қызғалдақ экспор­тына қатысты туындаған болса керек. Қыз­ғалдақ алғаш рет Нидерландқа XVI ға­сырдың ортасында Түркия­дағы неміс елшісі ар­қылы келген деген дерек бар. Сәуір айы­ның соңында гүлдеп, бар-жоғы 15 күн «өмір сүретін» қызғалдақ наурыз мейрамының сим­­волы саналған. Елімізде қызғалдақтың 32 түрі өседі, ал оның 12-сі біздің жерімізде ға­на кез­деседі. Ел ішіндегі шеберлер қыз­ғал­дақты ал­тын жіптермен түрліше кестелеген, ою-өрнек­те де көрініс тапқан, бірақ еш­қашан гүлді жұлып, сыйлау, безендіруге қол­дану үрдісі болмаған. Керісінше, кез кел­­ген жас өскінді жұлуға тыйым салған. Мысалы, Жетісудағы «Теңдік» қор­ға­ны­нан табылған біздің дәуірімізге дейінгі III-II ғасырлардағы сақ патшалары мен көсемдерінің киімдері қызғалдақтармен бе­зендірілген. Сон­дай-ақ бұл гүлдер Орта Азия аумағынан табылған Х-ХІІІ ғасырлар­да­ғы қыш бұйымдарда бейне­лен­ген. Қызғал­дақ­тарды Қожа Ахмет Ясауи кесе­не­сінің жіңіш­ке кірпіштерінен және Отырар қала­­сы­ның ортағасырлық керамикаларынан бай­қауға болады. Кей деректерде гүл сыйлау дәс­түрі біздің жерімізге XIX ғасырда өнер адам­дарына деген құрмет белгісі ретінде сый­ға тарту үрдісі ретінде келгені айтылады.
07 наурыз 2025 ж. 422 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930