Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасанды интеллект қазақстандықтарды жұмысынан айыра ма – депутат жауап берді

Жасанды интеллект қазақстандықтарды жұмысынан айыра ма – депутат жауап берді

Фото: istockphoto.com
Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева жасанды интеллект жақын арада қазақстандықтарды жұмыссыз қалдырмайды деп санайды. Себебі қысқарған жұмыс орындарының орнына жаңасы ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың айтуынша, трансформацияға дайын азаматтар үшін жасанды интеллект өз пайдасын тигізеді.

«Жасанды интеллект жақын арада азаматтарды жұмысынан айырмайды. Өйткені қысқарған жұмыс орындарының орнына жаңа жұмыс орындары ашылады. Сол себепті қызметкерлер қайта даярлаудан өтуге, жаңа құзыреттер мен дағдыларды меңгеруге дайын болуға тиіс. Мұның бәрін жұмыс беруші де күні бұрын ойластыруы керек. Қазір біз жұмыс берушілерден мұны байқап отырған жоқпыз. Сосын, әрине, мемлекеттік қолдау қажет, жұмыспен қамту бағдарламалары қазіргі заманның талаптарына бейімделуі керек. Тегін курстар қолжетімді болғаны жөн және сіз бен біздің жаңа дүниені үйренуге деген дайындығымыз қажет», - деді Смышлеява Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, жұмыс орындарының азаюы 7-10 пайызды құраса, кейбір салаларда керісінше жұмыс орындары көбейеді. Бірақ бұл жұмыс орындары мүлде басқа құзыреттер мен дағдыларды талап етеді.

«Бүкіләлемдік экономикалық форумының халықаралық зерттеуіне сәйкес, 2030 жылға қарай бізге трансформация жүретін салаларда жұмысшылардың жартысынан астамын қайтадан оқыту қажет болады. Сол себепті білім беру саласы бұған қазірден бастап бейімделуі керек. Өйткені күнделікті жұмысты жасанды интеллект алмастырады. Жұмыс беруші де алдын ала қамданғаны абзал. Өкінішке қарай, ірі банктерде бір мезгілде 30 мың заңгерді жұмыстан босатқан жағдайлар болды. Себебі заңгерлер орындаған функцияны жасанды интеллект адамға қарағанда бес пайызға жақсы атқарып шыққан. Яғни жұмыс беруші қандай да бір салада жасанды интеллектіні енгізгісі келсе, онда сол саладағы жұмысшылардың біліктілігін арттыруды қазірден бастап ойлауы керек. Бұл тұста құқық қорғау ұйымдарының да жұмысы көбейе түседі. Өйткені азаматтардың еңбек құқығының бұзылуына жол беруге болмайды», - дейді депутат.
03 наурыз 2025 ж. 68 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31