Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурызда ҰБТ басталады: Көктемнің алғашқы күнінде 775 оқушы сынақ тапсырмақ

Наурызда ҰБТ басталады: Көктемнің алғашқы күнінде 775 оқушы сынақ тапсырмақ

Қазақстанда ҰБТ басталып, 6 сәуірге дейін жалғасады. Қазір тест тапсыруға 163 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқушылардың 76%-ы тестті қазақ тілінде, 23,9%-ы орыс тілінде, 162 адам ағылшын тілінде тапсырмақ.
"Өтінімдерді тапсыру кезінде талапкерлер тестілеу күнін, уақыты мен орнын өз бетінше таңдады. Бірінші күні республика бойынша 775 адам ҰБТ тапсырады", – деп хабарлады ұлттық тестілеу орталығынан.
Көбіне оқушылар "Биология-химия" пәнін таңдады – 17,5%. Бұл пәндерді таңдап, дәрігер, мұғалімдер, ауыл шаруашылығы мамандығына түседі. Одан кейін болашақ инженерлер мен IT мамандары "Математика-Физика" пәнін таңдады, ол – 17,1% және "Математика-Информатика" – 10,5%.
ҰБТ-да тапсырмалар саны 120, оның ішінде "Қазақстан тарихы" бойынша 20, "Оқу сауаттылығы" бойынша 10, "Математикалық сауаттылық" бойынша 10 және екі арнайы пән бойынша 40 тапсырма. Ең жоғары ұпай – 140.
Тестілеу уақыты: 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут беріледі.
Наурыздағы ҰБТ-ға жоғары оқу орындарына күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде шартты түрде түскендер, өткен жылдардағы мектеп пен колледждерді бітіргендер, Қазақстан азаматы болып табылмайтын қазақстандықтар, сондай-ақ жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуді жоспарлаған түлектер қатысады.
Еске салсақ, Қазақстанда халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары ҰБТ-дан өтпей-ақ грантқа түсе алатыны айтылды.
02 наурыз 2025 ж. 234 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 107

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 105

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 103

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 92

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930