Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар eGov порталында аты-жөнін өзгерте алады

Қазақстандықтар eGov порталында аты-жөнін өзгерте алады

Қазақстандықтар eGov.kz "Электрондық үкімет" порталында туу туралы куәлікке, аты-жөнін өзгертуге, неке қию және ажырасу, бала асырап алу және қайтыс болу туралы актілік жазбаларға өзгерістер енгізе алады. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа қызмет жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған жағдайда құжаттарға жоспарлы өзгерістер енгізуді (қате енгізілмеген өзгерістер) көздейді. Мысалы, атын, тегін және әкесінің атын өзгерту.
"Азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу" жаңа қызметін пайдалана отырып, азаматтық хал актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және құжаттарды қайта ресімдеу үшін негіздемелерді көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беруге болады.
Қандай жағдайларда құжаттарға өзгерістер енгізуге болады:
тегін және атын, әкесінің атын өзгерткенде;
әке болу туралы сот шешімінің күші жойылғанда;
некеде тұрмаған ананың туу туралы актілерді тіркеу кітабына баланың әкесі туралы мәліметтер енгізу жөніндегі өтініштің;
егер азаматтық хал актісін тіркеу кезінде қателер (бұрмалаулар, мәліметтерді немесе жекелеген сөздердітастап кету) жіберілген болса;
азаматтық хал актілері жазбаларындағы қателер сот тәртібімен анықталғанда;
некені бұзуға немесе некенің жарамсыз деп тануға байланысты ерінің (зайыбының) тегі өзгертілгенде;
ұл (қыз) асырап алудың күшін жою немесе оның күші жоқ деп тану, сондай-ақ некенің күші жоқ деп тану туралы сот шешіміне байланысты;
ұлты өзгерген жағдайда;
ата-ананың арасындағы некенің тоқтатылуына немесе некенің жарамсыз танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың тегін өзгерткенде және т.б.
“Көптеген қазақстандықтар егер қаласа, eGov.kz сайтында акт жазбаларына өз бетінше өзгерістер енгізе алатынын білмейді.Осылайша сіз құжаттарға енгізілген өзгерістермен туу туралы куәлікті, неке туралы куәлікті және некені бұзу туралы куәлікті қайта ресімдеуге өтініш бересіз.Мысалы, бұрын тегін өзгерту үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару керек болса, енді кезекке тұрмай, электронды түрде жасауға болады", – дейді Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Аталмыш қызмет Электрондық үкімет порталының "Азаматтарға" - "Отбасы" бөлімінен табуға болады.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге өтініш беру үшін:
eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
қызметтін түрін таңдаңыз;
куәлік беретін ХҚКО филиалын таңдау;
отбасы жағдайы мен табыс көзін көрсетіңіз;
актілік жазбаның нөмірі мен тіркелген күнін көрсету, оғн өзгерістер енгізу қажет;
акт жазбасы үшін қандай өзгерістер, түзетулер, толықтырулар қажеттігін көрсету керек;
өзгерістер енгізу үшін растайтын құжатты тіркеу қажет;
төлем жасау керек;
өтінішке қол қою қажет.
Көрсетілген қызметтің нәтижесі eGov.kz порталының күй парағында және Жеке кабинетінде хабарлама ретінде пайда болады. Дайын құжатты өтініште көрсетілген ХҚО-дан алу керек.
16 тамыз 2023 ж. 211 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031