Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пәкістаннан шыққан Абдул Баки Қазақстандағы бейбітшілікке тамсанады

Пәкістаннан шыққан Абдул Баки Қазақстандағы бейбітшілікке тамсанады

Фото: Видеодан скрин
Пәкістанда туған Абдул Баки Қазақстан мен өзі туған елдегі қоғамдық қауіпсіздікті салыстыра келе, қарапайым мысал айтып берді. Бұған қатысты ойын ол Azattyq Rýhy агенттігінің YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында татулық пен келісім орната білген халық. 

«Қазақстанда кез келген адам қолында қанша ақша болса да қалаға емін-еркін шығып, жүре береді. Мысалы, мен түнгі сағат екі болса да, жалғыз жүре беремін. Ал біз жақта олай емес. Біз жақта қолына ақша тиген адам қалада қорықпай жүруі үшін кемі төрт машина күзет ертіп алуы керек», - дейді ол.

Яғни, Абдул Бакидің сөзіне сенсек, Пәкістанның құқық қорғау органдары мұндай бассыздыққа төтеп бере алмайды.

«Полиция бірнәрсе болғанын көрсе, «бұл елде әркім өзі үшін жауап береді» дейді де кете береді. Яғни, қауіпсіздік жоқ», - дейді ол.

Айта кетейік, Пәкістанда туған Абдул Баки көп жыл бұрын Қазақстанға көшіп келіп, бақытын тапқан. Ақмола облысындағы Родина ауылын мекендеп, Светлана Климова есімді әйелге үйленген. Қазір үш баласы бар.
14 ақпан 2025 ж. 235 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30