Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарапшылар смартфонға қосымша жүктерде сақ болуға шақырды

Сарапшылар смартфонға қосымша жүктерде сақ болуға шақырды

Касперский зертханасы сарапшылары смартфонға қандай да бір қосымша жүктер алдында мұқият болуға шақырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Ru.freepik.com

Сарапшылардың айтуынша, алаяқтар дәл осы қолданбалар арқылы жеке деректерге қол жеткізе алады. Телефондағы 20-ға жуық қосымшадан адамдардың жеке дерегін хакерлерге жіберетін вирустар табылған.

“Зиянды бағдарлама смартфондағы қандай да бір суретті немесе құжатты айлакерлерге жібереді Сондықтан ұялы телефонға кез келген бағдарламаларды орната берудің қажеті жоқ. Байланыс құралын вирусқа қарсы тазартып отыру керек”, – дейді мамандар.

Касперский зертханасының қазақстан, орталық азия және моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубановтың айтуынша, вирус көбіне жеткізу қызметін ұсынатын қосымшаларда немесе маркетплейстерде болуы мүмкін.

“Тіпті танымал мессенжерлерде де бар. Оны өздігімізден анықтау мүмкін емес. Сондықтан, смартфонға жиі антивирустық бағдарламалар орнату керек. Сондай-ақ карталар мен қандай да бір логин мен құпия сөзді фотоға түсіріп, галереяда сақтамау керек”, – дейді Валерий Зубанов.

Ол арнайы қосымшаларды көшіріп, маңызды ақпараттарды сонда сақтауға кеңес береді.
06 ақпан 2025 ж. 54 0

Бензин қымбаттады

06 ақпан 2025 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728