Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік басқаруда шынайылық пен жауапкершілік қажет

Мемлекеттік басқаруда шынайылық пен жауапкершілік қажет

Күні кеше елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік мәселелері қаралып, олардың шешілу жолдары Президенттің бастамасымен айтылды. Осы орайда Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Жиеналиев Жақсыбек Ақтілеуұлынан пікірін сұраған едік, деп жазады Egemen.kz.

Сарапшы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мақтаудан гөрі сынды көбірек айтқанын атап өтті.

«Үкіметтің 2024 жылы атқарған жұмысына көңілі толмайтындай әсер қалдырды. Үкіметке жұмысты жетілдіруге байланысты біраз нақты тапсырмалар берілді. Ол әсіресе экономиканың даму қарқыны, инфляцияның жоғары деңгейі және халықтың табысының өсуіне қатысты нақты мәселелерді көтерді. Әрине бұл мәселелер өзектілігін жоймайды, еліміздің дамуы үшін, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды іске асыруда нәтиже беретін нақты механизмдер керек. Қазіргі жаһандық және ішкі жағдайға байланысты реформаларды жеделдету қажет», дейді ол.

Жақсыбек Жиенбаевтың айтуынша, қазіргі таңда халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын қолдау, отандық өндірісті дамыту басты міндеттердің бірі.

«Президенттің сыни ескертулері Үкіметтің нақты нәтижеге жұмыс істеуін талап етеді. Егер бұл тапсырмалар уақтылы әрі сапалы орындалса, елдегі тұрақтылық пен даму айтарлықтай жақсарады деп ойлаймын. Сондай-ақ, кадр мәселесін қозғады, шенеуніктерге бос мәліметтер мен көзбояушылық есептерден аулақ болу керектігін ескертті. Шынымен де, мемлекеттік басқаруда шынайылық пен жауапкершілік қажет, өз бетінше шешім қабылдаудан қорықпайтын, салаға жаңашылдық әкелетін кризис менеджерлерді лауазымды қызметтерге тағайындау өте өзекті», дейді сарапшы.

Сондай-ақ ол Үкіметтің 2024 жылғы жұмысына орташа баға беруге болатынын айтып өтті.

«Қабылданған шешімдер кейбір салаларда оң өзгерістерге ықпал етсе де, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жүйелі әрі батыл реформалар жеткіліксіз болды. Инфляция жоғары деңгейде қалды, бағаның өсуі халықтың тұрмыс сапасына әсер етті. Шағын және орта бизнесті дамытуда әкімшілік кедергілер әлі де бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес толық нәтиже беріп жатыр деп айту қиын», дейді Ж.Жиенбаев.

Оның айтуынша, жетістіктерінің бірі ретінде ауыл шаруашылығының биылғы рекордтық өнім алу көрсеткіштерін атап өтуге болады.
29 қаңтар 2025 ж. 111 0

Жыр төгілген кеш

30 қаңтар 2025 ж. 19

Құрылыс қарқыны жоғары

29 қаңтар 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031