Есірткі туралы ертегі

Бір күні баққа сырттан бағбан келеді. Орман ағаштарын аралап келе жатып шетте құрап тұрған ағашты көреді. Бағбан ойға қалады: - Бұл жердегі барлық жеміс ағаштарының жемісі дәмді, бұл ағаштың да жемісі ащы болуы мүмкін емес, дәмін көрейін. Бағбан ұзақ ойлана келе бұл ағаштың жемісін татып көруге бел байлайды. Сол сәтте қураған ағаштың дәмін татқан бағбанның көзі қызарып, қайта-қайта жегісі келіп, жеміске құмарта береді. Бұл жемісті басқалар да жеп, дәмін сезінсін деген оймен жеген жемісінің дәнін жерге тастап, шыбықтарын егіп кетеді. Осылайша күн артынан күн, ай артынан ай өтеді. Орманға келіп жеміс терушілер саны көбейді. Бағбанның еккен ерекше ағашының да жемісі төгіліп түсіп жатты. Бауға келушілер қызығушылықпен бұл жемістен де дәм татып жатты. Осылайша ел ішінде бір айдың ішінде қауіпті індет тарады. Адамдардың көзіне әртүрлі бейнелер елестеп, аяқ-қолдарына жара шығып, іріңдеп асқынып кетті. Ел ішінде өлім көбейді.
Елдің жағдайын көрген абыз ақсақал бұл аурудың шешімін іздеп, бауға аттанады. Орман іші бұрынғыдай емес, көңілсіз, ала көлеңке, барлық ағаш қурап жатқан секілді көрінді. Басы әбден қатқан ақсақал отыра қалып ойланады. Бір кезде сырт еткен дыбысқа елең еткен қария артынан жалт қарайды. Ағаштар арасынан жылтыраған қызыл көз көрініп, былай дейді:
- Өзің білмеген, өзіңе таныс емес нәрсеге құмартпау керек. Ел ішінде таралған індет бақ ішінде шіріген ағаштан келді. Ол жеміс әдемі көрінгенмен, адам денсаулығына өте зиян. Ақсақал, елің, болашағың аман болсын десең, бұл ағашты тамырымен қопар. Дыбыс алыстай бергенде қария орнынан ұшып тұрды. Сол сәтте қураған талды кесіп, тамырымен жоқ қылды. Бау ішінен пайдалы, емдік қасиеті бар жеміс талдарын көбейтуді қолға алды. Осы күні бүкіл ел болып шат-шадыман күйге бөленіп, алдағы күндерінен зор үміт күтті.
Жанель ОРАЗБАЙ
Қазалы ауданы, Қазалы қаласы Қ.Нұрмаханов атындағы
№95 мектеп оқушысы