Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды

Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды

Фото: Дереккөзден
Оңтүстік Кореяда қызметінен уақытша шеттетілген президент Юн Сок Ёль екінші рет ордер берілді, деп
BAQ.KZ тілшісі BCC-ге сілтеме жасап.
Былтыр Оңтүстік Кореяның парламенті ел президенті Юн Сок Ёлға импичмент жариялап, әскери жағдай енгізуге тырысты деп айыптады. Осы айыптар бойынша президентке екінші рет ордер беріліп, қамауға алынды.

Қамауға алынар алдында президент видеоүндеу жасап, өзінің бұл істі заңсыз деп есептейтінін, алайда қан төгістің алдын алу үшін тергеушілер мен полицияға бағынуға шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Мен бұл істі заңсыз деп есептеймін, бірақ артық қан төгістің алдын алу үшін Коррупцияны тергеу бюросына өз еркіммен барамын. Бұл істі бастауға да, ордер беруге де олардың құқығы жоқ, – деді Юн.

Юн елде заң үстемдігінің бұзылып жатқанын айтып, оппозицияны жұмыс істеп тұрған үкіметті парализациялады деді.

Былтыр желтоқсанның басында президент парламентті бақылауға алған оппозициямен күресу үшін радикалды шараларға барып, елде әскери жағдай енгізуге тырысқан.

Юн президенттік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілгенімен, оның қызметтен толықтай шеттетілуі үшін Конституциялық сот импичментті мақұлдауы қажет. Әзірге сот шешімі шықпағандықтан, Юн Сок Ёл ресми түрде президент болып қала береді.
15 қаңтар 2025 ж. 189 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 150

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031