Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кімнің мобильді аударымы тексеріледі?

Кімнің мобильді аударымы тексеріледі?

Биыл кімнің шотына мөлшерден көп аударым түссе тексеріледі? Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кірістер комитеті Ұлттық банк рұқсат берсе, мобильді аударымдарды бақылау үшін жаңа тәртіп енгізеді. Ол қандай ереже? Оған сәйкес, үш ай бойы қосымшаға түскен қаржы көлемі 3 төменгі жалақыдан аспауы керек. Бұл шамамен 255 мың теңге. Егер одан асып кетсе, салық органдары тексеруге кіріседі. Бірақ бұл ереже әлі қолданыста жоқ екенін еске сала кетейік.
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың табыстарын әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы аударым қалай тексерілетінін түсіндірді.
Бізде мобильді аударымдарды бақылау бойынша белгіленген өлшемшарт бар. Өлшемшарт негізінде 3 ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп тұлғалардан мобильді аударым алған тұлғалар ғана назарға ілінеді. Бұл 100 тұлға - ол 100 аударым емес. Бұл өлшемшарт 2022 жылы енгізілгенін еске сала кетейін. Қаржы министрлігінің бұйрығы негізінде екінші деңгейлі банктер осы өлшемшарттан асып кеткен тұлғалар туралы ақпараттарды мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды. Кейін біз осы деректер бойынша камералдық бақылау жүргіземіз, - деді сарапшы.
Ерсайын Көптілеуұлы атап өткендей, бұл норма 2025 жылдан бастап енгізіліп отырған жоқ. Ол 2023 жылдан бастап, яғни жалпыға бірдей декларациямен бірге жүзеге асырылып келе жатыр.
Біз 2023 жылы мәліметті мемлекеттік қызметшілер және олардың жұбайлары бойынша алдық. Ал енді 2025 жылы үшінші кезеңдегі декларация тапсыратын азаматтар бойынша аламыз. Қазір қолданыстағы нормада сома туралы мәселе жоқ. Бұл жерде 100 түрлі тұлғадан болғандықтан, сома маңызды емес. 255 мың теңгеден асса да, аспаса да, мәселе болмайды. Бірақ біз 255 мың теңгені неге ұсынып отырмыз? Бізде Кәсіпкерлік кодексі бар. Кодекс бойынша бір жыл көлемінде 12 еселенген ең төменгі жалақы көлемінде адамдар дара кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ пайда таба алады. Яғни осы норманы аттап кетпеу мақсатында, біз 255 мың теңге деген шекті қоюды жоспарлап отырмыз. Бірақ бұл норма Ұлттық банкпен келісіліп жатыр. Ол әлі қолданыста жоқ. Бірақ бұл норма енгізілсе де, 100 түрлі тұлға деген негізгі өлшемшарт сақталады. Мысалы, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыз, бауырларыңыз, балаларыңыздан төлем қабылдағанның өзінде, оның өзі 20 шақты адам болуы мүмкін. Ал мысалы, қаңтар айында 100 адамнан, ақпанда 100 адамнан және наурыз айында 100 адамнан мобильді аударым арқылы қаражат келіп түсті дейік. Енді осындай аударым болған кезде ғана назарға ілінесіз, - деп түсіндірді Ерсайын Көптілеуұлы.
Салық органдарына мұндай азаматтардың тізімін екінші деңгейді банктер беріп отырады.
Кәсіпкерлікпен заң жүзінде тіркелмей айналысатын жеке тұлғалар айыппұл арқалайды. Ереже бұзғандар 15 АЕК (58 980 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Ал кәсіпкерлер заңды қайталап бұзса, онда айыппұл екі есе өседі.
Еске сала кетейік, 2025 жылы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК – 3 932 теңге болды.
06 қаңтар 2025 ж. 134 0

Ана тілі – ұлттың жаны

07 қаңтар 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031