Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2024 жылы көркем гимнастикада қандай жетістіктер тіркелді

2024 жылы көркем гимнастикада қандай жетістіктер тіркелді

2024 жылы көркем гимнастикада қандай жетістіктер тіркелді
фото: «Қазақстандық гимнастика федерациясы» ҚБ
Көркем гимнастикадан Астана қаласының алар орны ерекше. Оған дәл осы спорт түрінен ең көп 20-ға жуық мектептің елордамызда ашылуы себеп. Осы орайда Elordainfo.kz  көркем гимнастикадан 2024 жылдағы басты жетістіктерге тоқталғанды жөн көрді.
Басты жетістіктер:
⁃ Ұзақ жылдардан кейін Астана қаласына FIG ALEM CUP халықаралық турнирін өткізу мәртебесі берілді.
⁃ Мажарстандағы Gracia Fair Cup халықаралық додасында Айбота Ертайқызы доп, лента, шығыршықта қарсылас шақ келтірмесе, Эрика Жайлауова шеңбер сайысында үздік атанды.
⁃ Көктемде Ташкентте (Өзбекстан) өткен лицензиялық Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы лента жаттығуында топ жарса, доп сайысында - күміс, шеңбер сайысында қола жүлде жеңіп алды.
⁃ Болгарияда өткен Sofia Cup халықаралық турнирінде Эрика Жайлауова көпсайыстан қола жүлдеге ие болды.
⁃ Айбота Ертайқызы Францияда ұйымдастырылған гран-при кезеңінде лента және шеңбер сайысында күміс, доп жаттығуында 3-орынға тұрақтады.
⁃ Ақбота Ерекешева Грекияда өткен «Афродита кубогы» халықаралық бәсекесінде топ жарды.
⁃ Якутияда өткен VII Азия балалары ойындарында №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушісі, талантты Ақмарал Ерекешева көпсайыста күміс медаль және лента мен шығырғшық жаттығуында қола жүлдеге ие болды.
⁃ Ұлттық құрамаға ең көп көркем гимнасшы Астана қаласынан кірген.
Енді спортшыларымыз 2025 жылы 6-шы Республикалық Жастар ойындары мен Азия чемпионатына қатысуды жоспарлап жатыр.
29 желтоқсан 2024 ж. 279 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 127

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930