Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық құрылтай мен су тасқыны: мемлекет тарапынан қандай бастамалар іске асты

Ұлттық құрылтай мен су тасқыны: мемлекет тарапынан қандай бастамалар іске асты

Президент бес әлеуметтік кеселмен күресті күшейту жөнінде нақты тапсырма берді
Ұлттық құрылтай мен су тасқыны: мемлекет тарапынан қандай бастамалар іске асты
Фото: Ақорда; Фотоколлаж: «Егемен Қазақстан»
«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақалада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл Ұлттық құрылтайда көтерген мәселелерінің маңызы мен көктемгі су тасқынында мемлекеттің атқарған шаруаларына тоқталып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елдік мәселелер қозғалатын Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы биыл көне Сарайшық жұртында – Атырау облысында өтті. Құрылтайда ұлт болмысын қалыптастыратын тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық секілді басты құндылықтар айқындалды. Сонымен қатар президент бес әлеуметтік кеселмен күресті күшейту жөнінде нақты тапсырма берді. Осыған орай, биыл Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі туралы заңға қол қойылды. Яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қатаң жаза белгілейтін, балалар құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін жаңа нормалар енгізілді.
Бұдан бөлек, Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы арнайы заң қабылданды. Вандализм мен өзгенің мүлкіне зиян келтіргені, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге, құмар ойынға тәуелділікті азайтуға, вейпке тыйым салуға бағытталған заңнамалық өзгерістер жасалды. Аталған бастамаларға қатысты заң жобаларын әзірлеуге Парламент депутаттарымен қатар, Ұлттық құрылтай мүшелері де белсенді атсалысты. Осылайша, президент үнемі айтатын «Заң мен Тәртіп» үстемдігі қоғамда біртіндеп орнығып келеді.
Бірліктің бекем үлгісі. Көктемгі су тасқыны елді әбігерге салып, халықтың да, мемлекеттің де мүлкіне зор зардабын тигізгені белгілі. Еліміздің 10 өңірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Мемлекет басшысы адамдарды дереу қауіпсіз жерге көшіру және қарғын судан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Ең көп зардап шеккен үш облысқа, атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына барып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады.
Тасқын судың салдарынан мал-мүлкінен айырылған жандардың ешқайсысы елеусіз қалған жоқ. Мемлекет міндеттемесін толық орындады. Зардап шеккендердің бәріне материалдық, қаржылай қолдау көрсетілді.
Атап айтқанда, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде комиссиялар жұмыс істеді, олар азаматтардың жалғыз баспанасы болған 19 359 үй мен саяжай құрылыстарын тексерді. Оларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жылжымайтын мүлік нарығынан 5 767 тұрғын үй сатып алынды. 9 156 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жүз пайыз аяқталды. Бұл мақсаттарға барлығы 54,7 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ қысқа мерзімде 64 млрд теңгеге 2 680 жеке тұрғын үй салынды.
Бұған қоса 36 455 отбасына жалпы сомасы 13,3 млрд теңге, яки 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. 21 876 отбасына 9,9 млрд теңге көлемінде 150 АЕК-ке дейінгі өтемақы төленді.
Шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу үшін 12,1 млрд теңге бөлінді. Зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне толық төлем жасау мақсатында «Демеу» корпоративтік қорынан Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына 2,5 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталды. Аталған қаражат есебінен ШОБ субъектілерінің 40 өтініші бойынша шығыны өтелді. Жалпы, өңірлік комиссиялар 14,6 млрд теңгеге 734 кәсіпкердің өтінімін мақұлдады.
Тағы бір айта кетерлігі, мал шығынын төлеу үшін мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.
Осындай қиын-қыстау сәтте халқымыз ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті.



27 желтоқсан 2024 ж. 82 0

Байқаңыздар, балақай!

28 желтоқсан 2024 ж. 41

Форум: Прогресс һәм жастар

28 желтоқсан 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031