Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстау жұртшылығы Әзірбайжан халқына көңіл айтты

Маңғыстау жұртшылығы Әзірбайжан халқына көңіл айтты

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев пен Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығына барып, ұшақ апатынан қаза тапқан әзірбайжандықтардың рухына арнап гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс басшылары апатта қаза тапқандардың жақындарын сабырға шақырып, Әзірбайжан жұртына амандық тілей отырып, қайғыларына ортақтасты. 
Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов көңіл айту кітабына Әзірбайжан халқына арнаған қолдау лебізін білдіріп, жазба қалдырды.
Сондай-ақ, консулдық ғимаратына бауырлас халықтың қайғысын бөлісу үшін Ассамблея мүшелері мен түрлі сала өкілдері, ел ағалары, жастар және Ақтау қаласының тұрғындары ағылып келуде.
Айта кетейік, ел Үкіметі тарапынан зардап шеккен жандар мен қаза тапқан азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетілуде. 
АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ
25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.
Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.
29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.
Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
26 желтоқсан 2024 ж. 203 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930