Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қарсы міндеттемелер енгізіледі

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қарсы міндеттемелер енгізіледі

Фото: Ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау аясында ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігін анықтау үшін Министрлік қарсы міндеттемелерді өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіп, субсидиялау ережелеріне үш бағыт бойынша өзгерістер енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл өзгерістер агроөнеркәсіптік кешеннің (тауарлар немесе қызметтер) жалпы өнімінің көлемін ақшаға шаққанда өткен жылғы деңгейден өсіруді немесе сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған қарсы міндеттемелерді енгізуді қарастырады.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінің міндеттемелерді орындау деңгейі Мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Егер міндеттемелер қатарынан 2 жыл бойы орындалмаса, субсидия алу үшін өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы салалары бойынша субсидиялау бағыттары аясында қарсы міндеттемелер қабылдау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және жұмыс тобын құру туралы" бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы салалары бойынша субсидия алушылардың қарсы міндеттемелер қабылдау пилоттық жобасы жүзеге асырылды.

Пилоттық жобаны іске асыру нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және баға құбылмалылығының нақты өндіріс өсіміне әсерін жою, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нақты өндіріс көлемін айқындау мақсатында ҚР АШМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қарсы міндеттемелер қабылдау механизмін талқылау мақсатында ҚР "Атамекен" ҰКП Президиумы агроөнеркәсіптік кешен мүшелерінің қатысуымен АШМ кеңес өткізді.
26 желтоқсан 2024 ж. 192 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930