Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті

Фото: Қазақстан хоккей федерациясынан
Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы (U20) әлем чемпионатының алдында өткен соңғы дайындық матчында ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстандықтар Канадада жергілікті «Хоксбери Хокс» жастар құрамасымен кездесті. Отандастарымыз 8:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапында Кирилл Ляпунов (16, 30 минуттар) пен Әділ Бейсембаев (19, 24 минуттар) дубль жасады. Сонымен қатар Никита Ситников (35), Семен Симонов (46), Артур Гросс (48) және Асанәлі Русланұлы (52) бір-бір шайбадан соқты. Ең нәтижелі ойыншы Ляпунов болды. Ол екі шайба соғып қана қоймай, үш нәтижелі пас берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Германиямен өткен жолдастық матчта жеңіліс тапқан еді. Әлем чемпионатында ұлттық құрама алғашқы матчты 27 желтоқсанда Швецияға қарсы өткізеді. Сондай-ақ В тобына Чехия, Словакия және Швейцария құрамалары кірген.
23 желтоқсан 2024 ж. 270 0

Жұмбағы мол Жанкент

22 тамыз 2026 ж. 59

Қойнауы құт Қызылқұм

22 тамыз 2026 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31