Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ескі үлгідегі доллар банкноттарын қабылдамау заңды ма? Ұлттық банк жауап берді

Ескі үлгідегі доллар банкноттарын қабылдамау заңды ма? Ұлттық банк жауап берді

1996-2013 жылдары шығарылған доллар банкноттарын екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пунктерінің қабылдамағаны туралы шағым жиілеген
Фото: © freepik.com
Қазақстан Ұлттық банкі АҚШ долларының ескі үлгідегі банкноттарын айырбастауда туындаған мәселелерге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банкке 1996-2013 жылдары шығарылған доллар банкноттарын екінші деңгейлі банктер мен банктік емес айырбастау пунктерінің қабылдамауына қатысты азаматтардың шағымдары жиі түсіп жатыр. Ұлттық банк бұл банкноттардың заңды төлем құралы екенін және олардың түпнұсқалығы расталса, бүлінбеген болса, Қазақстан аумағындағы айырбастау пунктерінде еш комиссиясыз қабылдануы тиіс екенін ескертті.
«Банкноттар зақымдалмаған және айналымға жарамды деп танылса, Қазақстан Республикасының заңнамасы шетел валютасының банкноттарын айырбастауда комиссия алуды көздемейді. Тек төлемге жарамсыз немесе айналымға жарамсыз банкноттарды қабылдаған жағдайда ғана комиссия алынуы мүмкін», – делінген мәлімдемеде.
Айырбастау пункті комиссия алса немесе банкноттардың шыққан жылына байланысты айырмашылық енгізсе, сондай-ақ валютаны негізсіз айырбастаудан бас тартса, азаматтар Ұлттық банктің жергілікті филиалдарына шағымдана алады.
«Шағымда айырбастау пунктінің орналасқан жері мен мәселе бойынша толық ақпаратты, сондай-ақ бар құжаттарды қоса тіркеу ұсынылады. Ұлттық банк бұл деректерді заң аясында тиісті шаралар қабылдау үшін қарастырады», — делінген хабарламада.
Ұлттық банк атап өткендей, екінші деңгейлі банктер кассалық операциялар үшін комиссияны өздерінің ішкі тарифтік саясатына сәйкес бекітуге құқылы.
21 желтоқсан 2024 ж. 191 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930