Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл қазақстандықтар емханаға 103 млн рет жүгінген

Биыл қазақстандықтар емханаға 103 млн рет жүгінген

Фото: ДСМ баспасөз қызметі
Жыл басынан бері қазақстандықтар емханаларға 103 млн-нан астам рет қаралған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда емханаға жүгіну көрсеткіші 7%-ға өскен. Емханалар деңгейінде дәрігерлерге қаралу саны – 81,3 млн, ал үйде пациенттерді қарау саны 7,5%-ға артып, 17,5 млн-ға жетті.

Ауыл тұрғындарының бастапқы медициналық ұйымдарға қаралу саны 3,8%-ға артып, 41,8 млн-ды, оның ішінде 9 млн-нан астамы үйде қаралуды құрады. Осылайша, егер жыл басында жалпы практика дәрігерлеріне өзін-өзі жазуға арналған кестелердің қолжетімділігінің үлес салмағы 20% деңгейінде болса, онда 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 89,5%-ға жетті, арнайы мамандарға өзін-өзі жазуға арналған кестелердің қолжетімділігі 4%-дан 23,4%-ға дейін өсті, – делінген ДСМ хабарламасында.

Айта кетсек, министрлік тарапынан пациенттің қаралу бағыты оңтайландырылып, созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылаудың нақты алгоритмі, талдаулардың тізімі және оларды зерттеп-қарау еселігі анықталды, сондай-ақ пациенттерді динамикалық бақылаудың мультидисциплиналық тәсілі енгізілді.
13 желтоқсан 2024 ж. 378 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 153

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 106

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031