Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде короновирус жұқтырғандардың саны артқан

Елімізде короновирус жұқтырғандардың саны артқан

Фото: Halyq Uni
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазір Ресейде, Еуропа мемлекеттерінде коронавирустың өршуін байқап отырмыз. Биыл шілдеде (маусыммен салыстырғанда) Қазақстанда COVID-19 вирусының өршуі байқалды. Алайда өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 8 есе төмен, - деді Тимур Сұлтанғазиев ОҚК-де өтен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін атап өтті.

«Жыл сайын Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ЖРВИ, коронавирусқа қарсы күресу үшін қаулыны қабылдайды. Осыған сәйкес, медициналық ұйымдардағы дәрігерлер мен қызметкерлер маска тағуы керек. Жалпы қазақстандықтарға мұндай шектеу қойылмады. Қаулының негізгі мақсаты – денсаулық сақтау ұйымдарын ЖРВИ мен коронавирусқа қарсы күреске дайындау», - деді министрдің орынбасары.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 1300-ге жуық қазақстандық COVID-19 жұқтырған.
16 тамыз 2024 ж. 189 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930