Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Болашақ» стипендиясынан айырылғандардың саны белгілі болды

«Болашақ» стипендиясынан айырылғандардың саны белгілі болды

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқандарға қатысты, сондай-ақ биыл бағдарлама аясында білім алғандардың нешеуі шетелде қалғаны жайында түсінік берді.
Коллаж: Canva
- Қазіргі кезде «Болашақ» бағдарламасы аясында оқу мониторингінде 1 096 стипендиат бар, оның ішінде 833 адам – магистратура бағдарламасы бойынша, 145 адам – докторантура бағытында, сондай-ақ тағылымдама аясында 118 адам қамтылған. Гуманитарлық мамандықтар – 443 адам (40,4%), техникалық бағытта – 482 адам (43,9%), медициналық салада – 137 адам (12,5%), ал шығармашылық мамандықтарға 34 адам (3,1%) енген, - делінген Ғылым министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство мәліметіне қарағанда, қазір:
АҚШ және Канадада – 559 адам (51%)
Ұлыбритания мен Ирландияда – 391 адам (35,7%)
Еуропада – 67 адам (6,1%)
ТМД елдерінде – 13 адам (1,2%)
Азияда – 25 адам (2,3%)
Океанияда 41 адам (3,7%) білім алып жүр.
- Қазір академиялық оқуда - 562 адам (51,3%), академиялық оқуға орналастыруға бағытталған - 36 адам (3,3%), тағылымдамаларда - 65 адам (5,9%), оқуға баруды күтіп отырған - 79 адам (7,2%), академиялық демалыста - 15 адам (1,4%), демалыста - 6 адам (0,5%), сондай-ақ академиялық оқуды аяқтап, дипломын күтіп отырған стипендиаттар қатарында 160 адам (14,6%) бар. Мұнымен қоса, Қазақстанда және шетелде бақылау жұмыстарында – 106 адам (9,7%), тіл курстарына орналастыруға бағытталған – 49 адам (4,5%), тіл курстарында жүрген 18 адам (1,6%) қамтылған, - деп нақтылады министрлік.

Жалпы, 2024 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 230 адам оқуын аяқтады. Стпиендиядан өз еркімен бас тартқандар да бар.

- Шетелде болуына байланысты 2024 жылы 12 адам барлық шығындарын өтей отырып, стипендиядан айырылды, 18 адам барлық шығындарын өтей отырып, өз еркімен стипендиядан бас тартты, - деп аталып өткен Ғылым министрлігі ақпаратында.

11 желтоқсан 2024 ж. 311 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 148

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 152

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031