Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2024 ең ыстық жыл ретінде тіркелді

2024 ең ыстық жыл ретінде тіркелді

Биыл орташа жаһандық температура аномалиясы 1991-2020 жылдардағы орташа температурадан 0,72 градусқа жоғары болды, деп жазады Анадолы.
Фото: Анадолы
Еуропалық Одақтың (ЕО) Copernicus спутниктік мониторинг жүйесінің мәліметі бойынша, 2024 жыл рекордтық дәрежеде «ең ыстық жыл» болды.

Мәліметтерге сәйкес, өткен ай «екінші ең жылы қараша» болған және жер бетіндегі ауаның орташа температурасы 14,10 градусты құраған.
Бұл 1991-2020 жылғы қарашадағы орташа көрсеткіштен 0,73 градусқа жоғары.
2024 жылдағы орташа жаһандық температура аномалиясы (қаңтар-қараша айларында) 1991-2020 жылдардағы орташа температурадан 0,72 градусқа жоғары болған. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 0,14 градусқа жылы болғанын көрсетті.

Осылайша, «2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болады» деген болжам расталды.
Copernicus Climate Change Service (C3S) директорының орынбасары Саманта Берджесстің айтуынша, 2024 жыл рекордтық ең ыстық жыл болумен қатар жаһандық температураның көтерілуі 1,5 градустан асқан бірінші жыл болып отыр.
Сонымен қатар Берджесс «климатты қорғауға бағытталған шараларды қабылдау өте маңызды» екенін қоса кетті.
Осыған дейін климаттың өзгеруі бүкіл әлемдегі дауылдың жылдамдығын орташа есеппен 29 км/сағ-қа арттыратынын жазған едік.

10 желтоқсан 2024 ж. 270 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 120

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930