Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда биыл диқандарға рекордтық ақша бөлінген

Қазақстанда биыл диқандарға рекордтық ақша бөлінген

Биыл ауыл шаруашылығын жеңілдікті қаржыландыруға рекордтық 580 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат егіншілерге тікелей несие беруге, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге, форвардтық сатып алуға бағытталды, деп жазады Qazaqstan Media.

Мемлекет тарапынан 580 млрд теңге қолдау алған диқандар рекордықтық көлемде астық жинады. Орташа өнімділік гектарына 16,1 центнер болып, 26,7 млн тонна бидай бастырылды. 2023 жылы орташа өнімділік 10 ц/га құраған болатын. Сонымен қатар 3,2 млн тонна майлы дақыл бастырылды, 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс және 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.
Агротехнологияларды дұрыс қолдану, сапалы тұқымдар, минералды тыңайтқыштар және өсімдіктерді тиімді қорғаудың арқасында жоғары өнімділікке қол жеткізілді.

«Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жұмыстары жалғасын табады. Президент тапсырмалары бойынша әзірленген Жол картасы аясында 2024–2028 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру міндеті қойылды. Жалпы, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде 2030 жылға қарай бидай өнімділігін гектарына 20 центнерге дейін арттыру жоспарланып отыр»,-деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің ресми ақпарат сайты.

06 желтоқсан 2024 ж. 141 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 272

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 160

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031