Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Экономикаға үлкен инвестициялар құйылып жатыр - Нұрлан Байбазаров

Экономикаға үлкен инвестициялар құйылып жатыр - Нұрлан Байбазаров

Бұл туралы баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берген Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: gov.kz
«Қазақстанда мұнай-газ химиясы, машина жасау, металлургия және АӨК жоғары деңгейде қайта өңдеудің 17 ірі жобасын іске асыру басталды. Экономикаға үлкен инвестициялар құйылып жатыр. Биыл Мемлекет басшысының тұрғын үй құрылысы, өңірлерді газдандыру, ТКШ жаңғырту, көлік инфрақұрылымы бойынша ауқымды бастамаларын іске асыру шеңберінде ғана экономиканы қаржыландыру 2 трлн теңгеден асты. Осы жылы жалпы сомасы 40 трлн теңгеге жуық Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды 2029 жылға дейін іске асыру басталды. Жыл соңына дейін Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба қабылданады. Фермерлерді қолдау жалғасын тауып отыр. Келесі жылы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бүгінде фермерлерден өтінімдер қабылданып жатыр, олар 5%-дық жеңілдігі бар қаржыландырумен қамтамасыз етіледі», деді министр. 
Сонымен қатар Үкімет экономикаға шетел капиталын тарту бойынша шараларды күшейтті. Сондай-ақ бизнес үшін жағдайды жақсарту және экономиканы ырықтандыру бойынша жүйелі жұмыс жалғастырылады. Үкіметтік бағдарламаларды іске асырудан экономикаға шетел валютасының түсуі валюта нарығына тұрақтандырушы әсер етеді әрі экономиканың одан әрі өсуіне ықпал етеді деп күтіліп отыр.




02 желтоқсан 2024 ж. 157 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930