Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 13 мыңға жуық адам зиянды еңбек жағдайы үшін арнайы төлем алды

13 мыңға жуық адам зиянды еңбек жағдайы үшін арнайы төлем алды

Фото: © istockphoto.com
2024 жылғы 25 қарашадағы мәлімет бойынша, зиянды еңбек жағдайында ұзақ жылдар бойы жұмыс істегені үшін арнайы әлеуметтік төлем алушылар саны 12 835 адамға жетті. Бұл туралы Петропавловск.news жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жалпы төлемдер тағайындау үшін 13 673 адам өтініш берген. Оның ішінде республикалық бюджет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төлем тағайындау үшін 3 151 адам өтініш беріп, 3 037 адамға төлем тағайындалды. Республикалық бюджет, БЖЗҚ, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру компаниясы арқылы төлем тағайындау үшін 10 522 адам өтініш беріп, 9 798 адам төлем алды», — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар:
351 азамат өмірді сақтандыру компаниясымен жасалатын алдын ала аннуитет келісімшартын күтіп отыр.
119 азамат СМС хабарламаға жауап берген жоқ.
368 өтініш беруші талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты төлемдерден бас тартылды.
Арнайы әлеуметтік төлемге өтініш бергендер саны ең көп тіркелген өңірлер:

Қарағанды облысы (2 көзден төлем – 538 адам, 4 көзден төлем – 1 835 адам).
Қостанай облысы (2 көзден төлем – 340 адам, 4 көзден төлем – 1 151 адам).
Шығыс Қазақстан облысы (2 көзден төлем – 283 адам, 4 көзден төлем – 1 173 адам).
Айта кету керек, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізілді. Төлем алу үшін міндетті шарттар: 55 жасқа толу, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 7 жылдан кем емес кәсіби зейнетақы аударымдарының болуы.
01 желтоқсан 2024 ж. 99 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930