Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ журналистерінің біліктілігін көтерген жиын

Қазақ журналистерінің біліктілігін көтерген жиын

IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ «TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» атты маңызды шараның өтетіндігі жайлы қанша уақыттан бері айтылып келеді. Тойдың боладысынан болғаны қызық демей ме? Бұл күнді тыпыршып, ерекше күткеніміз рас. Себебі осыдан бақандай он жыл бұрын «Түркітілдес журналистер қоры» құрылған болатын. Бәз біреуге аз, енді біріне көп уақыт саналады. Дегенмен он жыл деген он күн емес. Қазіргідей мобильді уақытта он минут түгілі бір минутың да бағалы. Ал он жылда еселеген еңбек, сорғалаған маңдай тер, қасықтап жиған абырой, қаншама төзімділік пен тозған жүйке, тәжірибе, біліктілік пен деңгей, қазақ журналистерінің көкірек көзін ашу және өсу мен өрлеу жасырулы.
Осымен төртінші рет ұйымдастырылған медиа форум (шик блеск) кеееремет өтті. Бұған дейінгі әр өткен форумдар да осал емес. Бірақ бұл жолғысы тіптен күткеннен де жоғары деңгейде болды.
Медиа форумның салтанатты ашылуында «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті, Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясының (WFPA) президенті Нәзия Жоямергенқызы, «Шеврон» компаниясы Сыртқы коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Айнұр Сағынбайқызы, Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүдеррисоғлұ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті БАҚ саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Нұрбибі Жекен, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков жүрекжарды лебіздерін жеткізді. «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ 10 жылдық мерейтойы құрметіне орай, алғыс хаттар табысталды. YouTube, Facebook арқылы тікелей трансляция өтті.
Қазақстан өкілі «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті, Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясының (WFPA) президенті, Нәзия Жоямергенқызы модератор болып, НЕГІЗГІ ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС. «ТҮРКІ ЕЛДЕРІНДЕГІ ТУРИЗМ ЖӘНЕ PR» екендігін айтты.
Мұнда Түркі мемлекеттерінде туризмнің даму үдерісі, түйткілі мен мүмкіндіктері. Медиа, спорт, мәдениет, PR арқылы туризмді тиімді пайдалану. Мемлекеттік және жекеменшік құрылымдардың туристік PR-ды дамытудағы рөлін нақтылау. Мамандарды оқыту және кәсіби білігін арттыру, жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру. Түркі әлемінде туризмді дамытудың бірлескен стратегиясын әзірлеу. Инфрақұрылымды дамытуға инвестициялар тарту қаузалды.
Спикерлер Қазақстаннан Ақтоты Райымқұлова, «Түркі мәдениеті мен мұрасы» қорының президенті, «Түркі әлемінің мәдени құндылықтары» жайлы айтса, Түркиядан келген Ахмет Түзүн, «Еуразиялық мәдениет және спорт ынтымақтастығы» қорының президенті «Түркі елдеріндегі спорт туризмі және медиа» туралы ой қозғады.
Сонымен бірге өзбекстандық «Халық сөзі» газетінің жауапты хатшысы Нұрлан Усманов туризмнің арқасында еліне туристердің келу саны артып отырғандығын мақтана айтты.
ІІ ОТЫРЫС. «ТҮРКІ ЕЛДЕРІНДЕГІ ГЕОСАЯСИ АХУАЛ ЖӘНЕ МЕДИА НАРЫҚ» төңірегінде өрбіді. Геосаяси жағдайдың түркі елдердегі медиаға әсері: санкциялар, ақпарат ағынындағы өзгерістер, тәуелсіз БАҚ-қа сыртқы әсерлердің ықпалы. Ақпараттық ағынның өзгеруі. Түркітілдес ақпарат құралдарындағы дезинформация, ақпараттық манипуляция, дипфейкті ажыратудағы кәсіби білікті арттыру, әлеуметтік желілердің журналистикаға ықпалы. Түркі әлемі медиасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары, ортақ жобалар, кәсіби шеберлікті арттыру мәселесі талқыланды.
Қазақстандық Ержан Қалымбайұлы, “Alatau Aqparat” медиа холдингінің Бас директоры модераторлық қызметті атқарды. Спикерлер: Ватан Өз, “Avrupa Media Holding” президенті, Ұлыбритания. “Түркі елдеріндегі геосаяси ахуал және медиа нарық”, Срайыл Смайыл, «Жас Қазақ» газетінің Бас редакторы, КТК телеарнасы Бас директорының орынбасары, Қазақстан. “Түркі елдері ақпараттық кеңістігіндегі ынтымақтастықтың келешегі: ортақ мүддеге ортақ жобалар арқылы”, Асхат Хасенғали, саясаттанушы, Қазақстан. «Түркі елдерінің БАҚ-тары ақпараттық соғысқа қаншалықты дайын: дезинформация мен фейк ақпараттардың алдын алу жолдары» турасында баяндады.
ІІІ ОТЫРЫС. «АҚПАРАТТЫ ТҰТЫНУДЫҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ, ЖАҢА ФОРМАТТАР» тақырыбында болды.
Редакциялардың жаңа форматтар мен платформаларға бейімделуі, жасанды интеллекттің журналистика саласына ықпалы мен мүмкіндіктері. VR/AR технологиялар. Контентті монетизациялаудың жаңа әдістері. Ақпараттар таратуда TikTok, Reels, Podcast т.б. маңызы. Контентті монетизациялау: жазылым, жарнама, электронды коммерция, мерчендайзинг. БАҚ-та жасанды интеллектті қолданудың этикалық қыры: жеке өмірдің құпиялығын бұзу, жұмыс орындарының азаюы айтылды.
Қазақстандық журналист, IT маман Мейіржан Әуелханұлы модераторлықты атқарды.
Спикерлер: ЕрмекНұржан, AI сарапшысы (BizdinAI серіктес құрылтайшысы) Кәсіпкер, AI агенттігінің негізін қалаушы. AI-дың бүгінгі медиа және әлеуметтік желідегі мүмкіндіктері, Есенгүл Кәпқызы–Minber журналистерді қолдау қоры, Big data, ЖИ-мен бірге келген фейк ақпараттық толқын, онымен күресу, Әбдіразақов Нұржан Мұхтарұлы - Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Жасанды интеллекттің туризм саласына әсері, Есіркепов Қанат Жаңбырбайұлы,«2bay studio»,консалтинг, AI аватар, Бизнес және медиа нарықтағы ИИ-дің рөлі, болашағы жайлы ой қозғады.
IV ОТЫРЫС. АЙМАҚТЫҚ БАҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК». Аймақтық БАҚ-тағы түйткілдер: экономикалық қиындықтар: жарнамадан түсетін кірістердің төмендеуі, дәстүрлі БАҚ пен интернет-ресурстардың бәсекелестігінің артуы, сапалы контентті шығаруға кететін шығындардың көбеюі; кадр тапшылығы. Технологиялық өзгерістер, әлеуметтік желілер тарапынан бәсекелестік, табыс көздерін әртараптандыру, мультимедиялық форматтарды дайындау. Әріптестікті нығайту: басқа аймақтық БАҚ, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйымдар және бизнеспен ынтымақтасу. Журналистердің кәсіби деңгейін арттыру жайында ой бөлісті.
Модератор Әмірболат Құсайынұлы, Todayinfo, QazaqToday сайттарының негізін қалаушы, ақпарат саласының үздігі, Қазақстан.
Спикерлер: Қазақстан елінің өкілдері Серік Әбікенұлы, тележурналист, жазушы және Есей Жеңісұлы, Спорт журналисі, «Ақ желкен» журналының Бас редакторы мен Нұрлыхан Қалқаманұлы, «Теміртау тынысы» газетінің негізін қалаушы «Жергілікті БАҚ-тың жағдайы: Мерзімді басылымдардың сақталуы мен жаңғыруы» туралы пікірлерін жеткізді. Ал Германиядан келген Öztürk газетінің бас редакторы Adnan Öztürk «Германиядағы түрік баспасөзі» хақында сөз қозғады.
Форум аяқталысымен мейрамханада өткен кешкілік аста марапаттау салтанаты (арнайы шақырумен) ұйымдастырылды.
«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ-ның «Шеврон» компаниясы серіктестігінде ұйымдастырған «Әлеумет – қоғам айнасы»-2024 байқауы мен «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ-ның «Шеврон» компаниясы серіктестігінде ұйымдастырған «Еркін сөз»-2024 байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
11 қараша 2024 ж. 104 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930