Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

Таза ауа, тән таза, денсаулығың,
Зиянды әрекеттер болар жауың.
Аманатқа қиянат жасай көрме
Алла берген сол сенің-мол байлығың!
Ауырмай, тазалықпен күн кешіңіз,
Мен өмірді қалаймын, есірткісіз!
Ол іске барған адам оңбайтынын
Қоғамның қамы үшін, ескертіңіз.
Жас ұрпақтың дем беріп, санасына,
Айналмасын, есірткі ел жарасына.
Ата-ана жамандық тілемейді
Көзінің ағы менен қарасына.
Дінімде, дәстүрімде меңземейді,
Жаманның жолыменен жүр демейді.
Дер кезінде ойланып, іс қылмасаң
Асқынған ауруыңды емдемейді.
Құп аламын, әкемнің тәрбиесін,
Өмірім-салауатты, сұлу мүсін.
Ойласын барлық бала осы бастан
Ананың ақ жаулығын кірлетпесін.
Уәде берем, мен одан сақтанамын,
Жақсылыққа үндейді, бар талабым.
Зиянды әрекеттен таза күйде
«Қазақтың қызымын» деп, мақтанамын!

Айжан БЕРІКҚЫЗЫ,
Қ.Пірімов ауылындағы Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектебі
09 қараша 2024 ж. 126 0

1 сәуірге валюта бағамы

01 сәуір 2026 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930