Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын, күн нұрын аңсай.
Аспанда қалықтап, қыранша самғай
Тазалық, туралық – адамға керегі.
Дұрыс жер таңдауым ыза жер баспай.
Ессіздік, жат қылық қаламай мүлде,
Ақ ниет, кең құшақ келетін күнге.
Есірткі, ішімдік алыс боп адамнан,
Өмірді сүрейік адамдық күйде.
Еркіндік сезініп сағаттан сәтті.
Бақытты сәттерді санаймын тәтті.
Достарым адал боп, сенімге серт еткен,
Бәйтерек тұлға боп, діңгегі қатты.
Есірткі – алдамшы бір қысқа ләззат,
Артында қап-қара мұң, шексіз азап.
Бақытты іздесең егер, жолымды тап,
Жетелейді шыңдарға үміт, ғажап.
Мен өмірді қалаймын құштарлық пен,
Құшағында тербеліп,тың арманмен.
Күннің нұрын жүзімен сыйғызғым кеп,
Жанарымнан сәуле боп тамғанымен.
Мен өмірді қалаймын, күліп атқан,
Шуақ төккен таң менен тұнық ақпан.
Жүрегімде маздатсам үміт шоғын,
Бақыт болып төгілсе жырын аспан.
Мен өмірді қалаймын еркін самғап,
Болашаққа қараймын үміт арнап.
Әрбір күннің мәні бар әрбір демнің,
Өмір шексіз, мұхиттай терең қармақ!
Мен өмірді қалаймын, үміт қылып ,
Шексіз жолдар ашылсын жаңа үміт.
Өткен күндер естелік боп тұрса да,
Алда күтіп тұр әлі бақыт тұнып.


Салтанат ДҮЙСЕНҒАЛИ,
Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебінің 9-сынып оқушысы
02 қараша 2024 ж. 177 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031