Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 158 адам: Испаниядағы табиғат апаты бой бермей жатыр

158 адам: Испаниядағы табиғат апаты бой бермей жатыр

DW
Испанияда толассыз жауын-шашыннан кейін болған алапат су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Валенсия провинциясында табиғи апат салдарынан 158 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР САНЫ КӨБЕЙДІ

Валенсияның құтқару қызметтері қирандыларды тазалауда, ал қайтыс болғандардың денелері арнайы құрылған уақытша мәйітханаға жеткізілуде. Табиғи апаттың басты соққысы Валенсия автономды қауымдастығына түсті, бірақ Кастилия-Ла-Манча мен Андалусия аймақтары да зардап шекті.

ЖАУЫН-ШАШЫННЫҢ САЛДАРЫ

Валенсия қаласының әкімі Мария Хосе Каталаның айтуынша, бейсенбі күні таңертең Ла Торре және Кастеллар қалашықтарында 13 мәйіт табылған, оның сегізі су басқан гараждан табылды. Толассыз жауын-шашын басталған сейсенбіден бері Азаматтық гвардия қызметкерлері Валенсия провинциясының зардап шеккен аймақтарында 3 400 адамды құтқарған. Шамамен 300 адам оқшауланып, бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен. Альбасете провинциясында бес адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Бейсенбі күні қатты жауын-шашын Кастельон, Таррагона және Андалусияның кейбір аудандарында әлі де жалғасуда.
01 қараша 2024 ж. 200 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 122

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 118

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 110

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930