Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қарқын алады

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қарқын алады

Almaty.tv

Елімізде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қарқын алады. Ауқымды істі орындау үшін 200 млрд теңге бөлінбек. Межелі міндет президент тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” экоакциясы аясында жүргізіледі. Қазынадан берілетін қомақты қаржыға тазалық сақшыларының техникалары жаңартылып, полигондар жұмысы жолға қойылмақ. Жер ананы күтіп баптауға бағытталған бастаманың ішінде қазірдің өзінде 54 жоба мақұлданыпты, деп хабарлайды
Аlmaty.tv.

Бас қаланың тазалығы бәріне үлгі болуы керек. Екі күннің бірінде қонақ қабылдап үйренген шаһар шырайымен өзіне тартады. Елорданың тазалығына бүгінде бірнеше компания жауапты. Бірі - “Астана Тазалық”. Жауапты мекеме жыл басынан бері 13 мың тонна қоқыс шығарды. Жаңбыр, қар жауып, күн райы бұзыла қалса, 400-ден астам техника іске қосылады. Даңғылдар мен алаңдарды аралап, көшелерді көлшіктерден аршиды.

"Қазіргі таңда “Астана Тазалық” ұйымы 3 түрлі тазалықпен тазалайды. Механикаландырылған уборка. Санитарлық тазалау сосын қолымен тазалау бар. Екі ауысыммен жұмыс істейміз. Бір ауысымда 300-ден аса адам, 120-дан аса техника бар арнайы. Бізде барлық техникалар сақадай сай, дайындықтан өткен", - деді "Астана тазалық" ЖШС бас директорының орынбасары Ерлан Қалымов.

Тазалыққа жауапты компаниялар үшін басты түйткіл - техника тапшылығы. Құрал-саймандар жетпейді, қолдағы барының тозығы жеткен. Табиғат тосын мінез танытқанда тосылып қалмайтындай болу үшін қор керек, - дейді министрлік мамандары. Өңірлердегі бұл түйткілді шешуге “Таза Қазақстан" тұжырымдамасы көмек болмақ. Бастамаға 200 миллиард теңге бөлінеді. Нәтижесінде 7 бағыт бойынша ауқымды іс атқарылады.

"2025-2027 жылдар аралығында қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша жобалар іске асырылады. Бұл қоқыстарды көму көлемін қысқартуға және қайта өңдеу үлесін арттыруға мүмкіндік береді. “Таза Қазақстан” тұжырымдамасын 15-қазан күні Үкімет мақұлдады. Мұндағы басты мақсат - экологиялық мәдениетті және жауапкершілікті қалыптастыру. Сондай-ақ экологиялық саясатты ұтымды жүргізу. Бұл іске еліміздің барлық тұрғыны атсалысуы керек деп ойлаймын", - деді ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев.

Қыс түссе болды, коммуналдық қызмет мамандарына тыным жоқ. Көктайғақ, тұман, боран кезінде техникаларын майлап, саймандарын сайлап, сақадай сай тұруы керек. Өйтпеске болмайды. Елорданың өзінде биыл бұл маусымға 2000-нан аса жұмысшы жұмылдырылмақ.
31 қазан 2024 ж. 97 0

eGov Mobile-ға 5 жыл

31 қазан 2024 ж. 65

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930