Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы пирамидалары: жыл басынан бері 57 қылмыстық іс қозғалды

Қаржы пирамидалары: жыл басынан бері 57 қылмыстық іс қозғалды

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда жыл басынан бері қаржы пирамидасын құрып, басқарғандарға қатысты 57 қылмыстық іс қозғалды. Олар 20 млрд теңгеге жуық шығын келтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда 12 млрд теңгеден астам қаражат өтелген. Мәселен, Алматыда "HitBeatMusic" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Алаяқтар өздерін канадалық компанияның акционері және иесі ретінде таныстырып, музыкалық инвестициялық жоба қызметіне іс жүзінде қатысы жоқ компанияның акцияларын сатумен айналысқан. Осылайша, салымшылардың қаражатын тартып, енгізілген соманың 10-нан 15 пайызға дейін пайдасын уәде етті.

Келтірілген залал сомасы 255 млн теңге. Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Агенттік IT-құралдарды пайдалана отырып, әлеуметтік желілерге талдау жасайды.

Биыл қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,5 мыңнан аса сайт сілтемелері бұғатталды. "WhatsApp", "Telegram" және "Instagram" - да 292 чат бұғатталған.

Осылайша, 2 млн астам әлеуетті салымшылардың қаржылық шығындарының алдын алды.
17 қазан 2024 ж. 153 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 140

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 147

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031