Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қазақ тілі бойынша білім деңгейін тексеру ережелері бекітілді

Қазақстанда қазақ тілі бойынша білім деңгейін тексеру ережелері бекітілді

2024 жылғы 23 қыркүйектегі ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің ережелері (ҚАЗТЕСТ) бекітілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram/bilim_jane_gylym

Мәліметтерге сенсек, тестілеуді ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК жүргізеді.

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау келесі кезеңдерді қамтиды:

тестілеуді өткізу;
тестілеу нәтижелерін шығару;
апелляциялық өтініштерді қарастыру.
ҚАЗТЕСТ екі түрлі тестілеуден тұрады: диагностикалық және сертификаттық.
Тестілеу қағаз немесе электрондық форматта өткізіледі.

Диагностикалық тестілеудің ұзақтығы – 1 сағат 10 минут. Диагностикалық тестілеу 60 сұрақтан тұратын келесі блоктарды қамтиды:

тыңдалым – 20 тапсырма (20 минут);
оқылым – 40 тапсырма (50 минут).
Сертификаттық тестілеудің ұзақтығы – 2 сағат 7 минут. Сертификаттық тестілеу "Тыңдалым", "Оқылым" блоктары бойынша 60 тест тапсырмасынан, "Жазу" блогы бойынша екі жазбаша тапсырмадан және "Сөйлеу" блогы бойынша екі ауызша тапсырмадан тұрады:

тыңдалым – 20 тапсырма (20 минут);
оқылым – 40 тапсырма (50 минут);
жазу – екі тапсырма (50 минут);
сөйлеу – екі тапсырма (7 минут).
ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізу орны Астана қаласында азаматтар үшін орталықта, заңды тұлғалар үшін (тестілеу аудиториясы болған жағдайда) шақырған тараптың ғимаратында, облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда тапсырыс беруші базасында белгіленеді.

Тестілеуге өтініш беру:

Жеке тұлғалар үшін: app.testcenter.kz интернет-ресурсы арқылы;
Заңды тұлғалар үшін: орталықтың канцеляриясына жүгіну арқылы.
ҚАЗТЕСТ тестілеуі өтетін аудиторияға азаматтар жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік немесе ҚР азаматының паспорты) және өтініш негізінде кіргізіледі. Банктердің кассалары арқылы төлем жасаған жағдайда қызмет ақысын растаушы құжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет, ал онлайн төлем жасаған кезде тапсырыс нөмірі көрсетілген электронды түбіртек беріледі.

Заңды тұлғалар (өз қызметкерлері үшін тестілеу өткізуге бастамашылық еткен заңды тұлға) тестілеуге өтінім мен тестілеу өткізу қызметін сатып алу туралы орталықпен жасалған келісімшарт негізінде жіберіледі.

Егер тестілеуге кірер кезде жалған тұлға анықталса, орталықтың өкілі Акт жасап, тестіленуші ағымдағы жылдың соңына дейін тестілеуге жіберілмейді.

Ғимарат пен аудиторияға оқулықтар, фотоаппараттар, ақпарат тасымалдау функциялары бар кез келген мобильді байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad, iPod, смартфондар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер және мобильді роутерлер), радиоэлектрондық байланыс құралдарын (Wi-Fi, Bluetooth, Dect, 3G, 4G, 5G), смарт-сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар, сондай-ақ шпаргалкаларды алып келуге және пайдалануға тыйым салынады.

Тестіленушілер мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға арналған жеке көмекші көрсетілген заттарды арнайы жәшіктерде немесе дайындалған аймақта қалдыруы тиіс.

Тестіленуші жеке басын сәйкестендіру рәсімінен өткен соң тестілеуге арналған аудиторияға кіреді.

ҚАЗТЕСТ тестілеуі өтетін орталыққа кіру бет пішінінің кеңістік-нысандық формасын сканерлейтін жеке тұлғаны сәйкестендіру жүйесі арқылы жүзеге асырылады.


Қағаз форматындағы тестілеу қалай өтеді?
Тестіленушілер орындарына жайғасқаннан кейін орталықтың өкілі:

тестілеу материалдарымен жұмыс істеу тәртібін түсіндіреді;
тестіленушілерге жазбаша жұмысқа арналған материалды таратады;
жауап парақтарын таратады;
жауап парағының қызметтік секторларын толтырғаннан кейін тестіленушілерге тест тапсырмалары бар кітапшаларды таратады.
Тестілеу кезінде келесілерге тыйым салынады:

орталық өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығу;
сөйлесу;
орын ауыстыру;
тестілеу материалдарымен алмасу;
тестілеу материалдарын аудиториядан алып шығу;
тестілеу материалдарын (жауап парақтары, тест тапсырмалары бар кітапшалар, жазбаша жұмысқа арналған дәптерлер мен сөйлеу блогының тапсырма парақтары) бүлдіру, беттерін жырту немесе түзетуші сұйықтықты қолдану;
жауап парағын бүлдіру;
тестілеу басталғанға дейін немесе тестілеу кезінде шулау.
Орталық өкілінің рұқсатымен тестіленушілерге тестілеу аяқталғанға дейін аудиториядан 5-10 минуттан аспайтын уақытқа кезекпен шығуға рұқсат етіледі.

"Аудирование" блогының аудиоматериалын тыңдау кезінде аудиториядан шығуға тыйым салынады.

Егер тестілеу барысында тестіленушілер материалдармен алмасып жатқаны немесе тыйым салынған заттарды қолданғаны анықталса, бұзушылық туралы тиісті акт толтырылып, ереже бұзушылар аудиториядан шығарылады және ағымдағы жылдың соңына дейін ҚАЗТЕСТ тапсырудан шеттетіледі.

Егер тестіленуші тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін тестілеу материалдарын тапсырмай бас тартса, орталық өкілі жергілікті жауапты тұлғамен бірге және тестіленушінің қатысуымен тестілеу уақытының аяқталуына байланысты материалдарды уақытында тапсырмағанын анықтайтын акт толтырады. Тестілеу нәтижелері өңделмейді, және тестіленуші ағымдағы жылдың соңына дейін ҚАЗТЕСТ тапсырудан шеттетіледі.

Жауап парағы мен сұрақ кітапшасы орталық өкілінің қабылдап алғанынан кейін тестіленуші "Сөйлеу" блогын тапсыру үшін алдын-ала дайындалған аудиторияға өтеді. "Сөйлеу" блогында әрбір тестіленушінің жауабы дыбыс жазу құрылғысына (диктофон) жазылады. "Сөйлеу" блогына дайындық үшін 3 минут беріледі және ол тестіленушінің ауызша жауабы түрінде жүзеге асырылады.

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамдар ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өтуге өтінімде жеке көмекші немесе ымдау тілінің маманының қызметтерін пайдаланатынын көрсетеді. Бұл жағдайда тестіленушіге 40 минут қосымша уақыт беріледі.

ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өту кезінде есту, сөйлеу, көру, тірек-қимыл аппаратының қызметтері бұзылған мүгедектерге, сондай-ақ қозғалуында қиындықтары бар бірінші топтағы мүгедектерге (мүгедектік анықтамасымен расталады) қазақ филологиясы саласында білімі жоқ жеке көмекші немесе ымдау тілінің маманы көмектеседі.

Диагностикалық тестілеу аяқталғаннан кейін орталықтың өкілі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу кезінде пайдаланылған сұрақ кітапшаларын жою актісін толтырады және пайдаланылған сұрақ кітапшаларын өртеп немесе механикалық түрде ұсақтап жояды.

Электрондық форматтағы тестілеу қалай жүргізіледі?

ҚАЗТЕСТ тестілеуін электрондық форматта өткізу кезінде тестілеу әкімшісі тестіленушілерді аудиторияға (компьютер сыныбына) бір-бірден кіргізеді.

Тестіленуші өзіне тағайындалған орынға жайғасады. Тестілеуді бастау үшін тестіленушіге келесі қадамдарды орындау қажет:

тестілеу түрін таңдау;
ЖСН енгізу;
адамның көлемді-кеңістіктік тұлғасының формасын (биометрия) алдыңғы камералар арқылы тексеру;
қажет болған жағдайда тестілеу әкімшісі ұсынған логин мен парольді енгізу арқылы авторизациядан өту;
мәліметтердің дұрыстығын растау;
тестілеу ережелерімен танысу;
тестілеу ережелерімен танысқанын растау;
"Тестілеуді бастау" батырмасын басу.
Электрондық форматта тапсырмаларды орындау кез келген блоктан басталады.

Электрондық тестілеу тестіленушіге сұрақтарға жауап беруде қиындықтар туындаса, келесі сұраққа өтуге және кейін қайтып, жауаптарды өзгертуге мүмкіндік береді.

"Жазу" блогында тестіленушіге екі тапсырма беріледі: сурет және эссе жазу.

"Сөйлеу" блогында тестіленушіге екі тапсырма ұсынылады: сұрақ-жауап және әртүрлі тақырыптар бойынша мәселені шешу. Тестіленушінің жауабы аудиожазбаға жазылады.

Тест нәтижелерінің берілуі

ҚАЗТЕСТ бойынша "Аудирование" және "Оқу" блоктарындағы тапсырмалар бір дұрыс жауапты таңдауды қажет етеді. Тестілеу нәтижелері бір дұрыс жауап үшін бір ұпай, ал қате жауап үшін нөл ұпай беріледі. Ашық тапсырмалар ("Жазу" және "Сөйлеу" блоктары) сарапшылар тарапынан бағаланады.

Тестілеу нәтижелері Астана қаласында үш жұмыс күні ішінде, облыстарда, Алматы және Шымкент қалаларында 15 жұмыс күн ішінде беріледі.

Еске салайық, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылы 28 маусымдағы бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін жаздық. Құжатта шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарының түсушілерін қоспағанда, түлектер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтетіні белгіленген.
02 қазан 2024 ж. 90 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 57

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 66

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031