Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазан айында ауа райы қандай болады

Қазан айында ауа райы қандай болады

фото Victor Glutsenko
Бірінші онкүндіктің соңында республика бойынша қайтадан жылы ауа райы орнайды, солтүстік бөлігінде ауа температурасы +10+18°С-қа дейін жылынады.

Айдың бірінші онкүндігінде республиканың көп бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр, 15-25 м/с дейін желдің күшеюі болжануда, еліміздің солтүстік жартысында, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр қар аралас жаңбырға ауысуы мүмкін. Кей күндері антициклонның әсерімен жауын-шашынның тоқтауы болжанады. деп хабарлайды Almaty.tv Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасының төмендеуі күтілуде:

республиканың батысында түнде +3+12°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +18+27°С-тан +13+22°С-қа дейін;
солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста түнде 0,+8°С-тан -1-6°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +5+13°С-қа дейін.
Елдің қалған аумағында ауа температурасының ауытқуы болжануда:
оңтүстік-батыста, оңтүстікте түнде +10+18°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +23+28°С-тан +20+25°С-қа дейін;
оңтүстік-шығыста түнде +5+13°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін.
Бірінші онкүндіктің соңында республика бойынша қайтадан жылы ауа райы орнайды, солтүстік бөлігінде ауа температурасы +10+18°С-қа дейін, ал оңтүстік және батыс бөлігінде +20+28°С-қа дейін жылынады.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде елдің солтүстік жартысында барикалық құрылымдардың жиі алмасуымен ауа райы тұрақсыз болады деп болжануда - жаңбыр, қар аралас жаңбыр, екпінді жел, көктайғақ және тұман күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, дегенмен фронттардың күшеюіне байланысты кей күндері жауын-шашын көбінесе жаңбыр түрінде күтіледі.

Ауа температурасының ауытқуы болжануда:

батыс аймақтарда түнде -2+6°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +3+12°С-қа дейін;
республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнде +3+10°С-тан -1-10°С-қа дейін, күндіз +10+20°С-тан -2+5°С-қа дейін;
оңтүстікте, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста түнде +3+11°С-тан -1-6°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+18°С-қа дейін.
01 қазан 2024 ж. 71 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 58

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031