Тұман, үсік, жел: синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: piхabay
Синоптиктер ертең, 29 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлытау облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында, шығысында 25 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақытарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15- 20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.