Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді ата-әжелер немерелерін қарағаны үшін мемлекеттен төлем алады

Енді ата-әжелер немерелерін қарағаны үшін мемлекеттен төлем алады

Фото: www.newsweek.com
Тиісті заң биыл жазда күшіне енді, деп хабарлайды Еuronews.

Швецияда ата-әжелері немерелерін баққаны үшін мемлекеттен ақшалай жәрдемақы алуда.

Барлық әкімшілік демарштарды Швецияның Әлеуметтік сақтандыру агенттігі шешуде. Бұл – отбасылар үшін үлкен көмек.

Швецияда бала күтіміне арналған демалыс туралы жаңа ережеге сай, ата-аналарға 45 күнге дейін ақылы демалысын баланың заңды қамқоршысы емес адамға аударуға мүмкіндік беріледі. Жалғызбасты ата-аналар бір балаға 480 күндік ақылы демалыстың 90 күнін аудара алады.

Швецияның әлеуметтік сақтандыру агенттігі өкілінің айтуынша, жаңа заң ата-аналардың жұмыс пен жеке өмірі арасындағы тепе-теңдікті жақсартуға және гендерлік теңдікті нығайтуға бағытталған. Заңды ұсынған министр Швеция бүкіл Еуропаға үлгі болады деп үміттенеді.

"Бұл бүкіл Еуропа үшін жақсы үлгі бола алады деп ойлаймыз. Осылайша жастарды балалы болуға, сонымен бірге еңбек нарығында қалып, белсенді жұмыс жүргізуге ынталандыруға болады", – деді елдің Әлеуметтік қамтамасыз ету министрі Анна Тенье.

Әлеуметтік сақтандыру агенттігінің агенттікке хабарлауынша, тамыз айының соңына қарай 1500-ге жуық швед азаматы жаңа заң ұсынған мүмкіндіктерді пайдаланды.
28 қыркүйек 2024 ж. 247 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031