Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстаннан әкелінген шабдалыдан зиянкес табылды

Өзбекстаннан әкелінген шабдалыдан зиянкес табылды

Фото: elements.envato.com
Шабдалы партиясынан шығыс жеміс жемірі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының инспекторлары Өзбекстаннан әкелінген шабдалы партиясынан карантиндік зиянкес — шығыс жеміс жемірін (Grapholita molesta Busck) анықтады.
Орталық кедендік ресімдеу пунктінде карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу кезінде салмағы 2,58 тонна жаңа піскен шабдалы партиясы тексерілді.
Партия Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Янгиюль ауданынан автомобиль көлігімен жеткізілген болатын.
Жеміс үлгілері іріктеліп, Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханасына жіберілді.
Сараптама шығыс жеміс жемірі барын растады.
Карантиндік нысанның таралуына жол бермеу мақсатында залалданған өнімдерді оқшаулау және жою шаралары дер кезінде жүргізілді. 
Оқи отырыңыз: Алматы балабақшаларындағы 40 үздік әдіскер Малайзия, Қытай, Польша және Германияда тағылымдамадан өтеді

25 қыркүйек 2024 ж. 79 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30