Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан спорттық бағдарламалау инфрақұрылымын дамытуға инвестиция тартуға ниетті

Қазақстан спорттық бағдарламалау инфрақұрылымын дамытуға инвестиция тартуға ниетті

Фото: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
Спорттық бағдарламалау спорттың басым түрлерінің республикалық тізіміне енгізілмекші. Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі спорттық бағдарламалау саласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты — жастар арасында спорттық бағдарламалауды насихаттау және оны Республикадағы басым спорт түрлерінің тізіміне енгізу.

«Тараптар бұл пәнді бірлесіп дамытуға, білім беру бағдарламаларына интеграциялауға, жас мамандарды IT саласына тартуға арналған жарыстар мен іс-шараларды өткізуге келісім жасады. Сонымен қатар, Қазақстанда спорттық бағдарламалау инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар мен ресурстарды тарту үшін жағдай жасау жоспарлап отыр», — делінген хабарламада.

Меморандум білім беру мекемелерін қолдау және IT секторындағы адами капиталды нығайтуға арналған бірлескен бастамаларды әзірлеуді де қарастырады.

20 қыркүйек 2024 ж. 238 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 156

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 143

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 134

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 131

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 200

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930