Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады

ДДҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады

Фото: freepik
Даниялық Bavarian Nordic A/S компаниясының MVA-BN вакцинасы алдын ала біліктіліктен өтіп, маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцина болды. Бұл туралы ДДҰ жазды.

– Bavarian Nordic A/S өндірушісінің MVA-BN вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) алдын ала біліктілігінен өтіп, маймыл шешегіне қарсы алғашқы дәрі болды, - делінген хабарламада.

MVA-BN вакцинасын 18 жастан асқан адамдарға төрт апта аралықпен екі инъекция түрінде егіледі. Тоңазытқышта бастапқы сақтаудан кейін вакцинаны сегіз апта бойы +2 ... +8 градус температурада қалдыруға болады.

– Маймыл шешегіне қарсы вакцинаның алдын ала біліктілігі Африкадағы қазіргі эпидемия кезінде де, болашақта да осы аурумен күресудегі маңызды қадам саналады. Енді біз вакциналардың ең қажет болған жерлерінде әділ таралуын қамтамасыз ету үшін сатып алуды, донорлықты және оларды қолдануды шұғыл түрде кеңейтуіміз керек, - деді ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус.

ДДҰ мәліметтері бойынша, MVA-BN бір реттік дозасы маймыл шешегінен қорғауда 76 пайыз тиімді, ал екі доза 82 пайыз тиімді деп бағаланған.

Айта кетейік, Африкада маймыл шешегіне шалдыққандар саны 22,8 мыңға жетті.

ДДСҰ маймыл шешегімен күресу үшін 135 млн долларлық жаһандық жоспарды іске қосты.
16 қыркүйек 2024 ж. 141 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 162

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 150

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 141

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 142

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 207

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930