Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау: 26 ауыл әкімінің 25-і өзін-өзі ұсыну жолымен бақ сынауда

Сайлау: 26 ауыл әкімінің 25-і өзін-өзі ұсыну жолымен бақ сынауда


Бүгін Қызылорда өңірінде 8 ауылдың әкімі сайланады. Атап айтқанда, Арал ауданындағы Бөген, Сазды, Қосаман, Қазалы ауданындағы Алға, Тасарық ауылдық округтері мен Қармақшы ауданындағы Т.Көмекбаев және Жалағаш ауданындағы Таң, Шиелі ауданындағы Телікөл ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізілуде. Олардың 7-і өкілеттілік мерзімінің аяқталуына және Бөген ауылдық округі әкімінің өкілеттілік мерзімінің ерте аяқталуына байланысты сайлау ұйымдастырылды.
Барлық округтер бойынша 5880 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. 11 сайлау учаскесі құрылып, 59 комиссия мүшесі қызмет атқаруда.
Таңсәріден бері дауыс беруге асыққан азаматтардың ішінде отбасымен бірге келген сайлаушылардың үлесі басым болды.
Олардың қатарында қазалылық Шамарановтар әулеті бар. Ол Тасарық ауылдық округіндегі №77 сайлау учаскесіне отбасын ерте келіп, шөбересімен бірге өз таңдауын жасады.
- Әрбір сайлау біздің отбасы үшін маңызды. Балаларымды сайлауға ерте баратын дәстүрім бар. Себебі балалар жастайын елдік істе әрбір дауыстың маңызды екенін сезінуі керек. Бүгін міне, ауданымызға жанашыр, туған жерін дамытуға ниетті азамат үшін дауыс бердім,-дейді Болатбек Шамаранов.
Айта кетейік, 8 ауылдық округ бойынша 26 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді. Оның 25-і өзін-өзі ұсыну жолымен, 1-і саяси партия атынан бақ сынауда.
Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін. Дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскелер 12 сағат ішінде дауыстарды санап, қорытынды шығарады.
15 қыркүйек 2024 ж. 158 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930