Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Университетте жатақхана мәселесі толық шешімін тапты

Университетте жатақхана мәселесі толық шешімін тапты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жатақхана мәселесі толық шешімін тапты. Бүгінде онда 1 460 орындық 7 жатақхана жұмыс істейді. Ал, жаңа оқу жылында қолданысқа берілген 300 орындық “Іңкәр” жатақханасына қазіргі таңда 180 студент орналасып үлгерген. Заманауи үлгіге сай салынған жатақханада қосымша демалыс орны, компьютермен жабдықталған бөлме мен кір жуатын орын да бар. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі БАҚ өкілдерімен бірге Қорқыт ата атындағы Қызылорда универсетіне барып, ондағы жаңашылдықтармен танысты.


- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бәсекеге қабілетті жоғары оқу орнының бірегейі. Оған дәлел, биыл біздің университет Біріккен ұлттар ұйымының Тұрақты даму мақсаттары бойынша алғаш рет Times Higher Education әлемдік жоғары оқу орындарының рейтингісінде орын тапты. Сонымен қатар, алғаш рет UI GreenMetric халықаралық рейтингіне енді. Университеттің 20 білім беру бағдарламасы республиканың үздік үштігіне кірді. Мұның барлығы біз үшін үлкен жетістік. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында және өңірлерге бөлінген гранттар мен арнайы квоталардың бөлінуі біздің материалдық-техникалық базалардың жақсаруына да әсерін тигізді. Мәселен, осыдан 4-5 жыл уақыт бұрын біздің студенттердің контингенті 5 000 болған болса, биылғы оқу жылында 10 500-ге жетті. Ал, осы студенттердің 4 900-і мемлекеттік грант негізінде білім алады. Біздің ең басты мақсатымыз - студенттерге сапалы білім берумен қатар оларға мотивация беріп, білім алушылардың қызығушылығына сай қолайлы жағдай жасау,- деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Кәрімова.


Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
11 қыркүйек 2024 ж. 133 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031