Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар түнде шулағаны үшін жазаны күшейтуді талап ететін петиция жариялады

Қазақстандықтар түнде шулағаны үшін жазаны күшейтуді талап ететін петиция жариялады

Қазақстандықтар түнде тыныштықты бұзғаны үшін жазаны күшейтуді талап ететін петицияны жариялады. Петиция авторлары тұрғын үйлердің жанында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің жұмыс уақытын қысқартуды және бірнеше рет заңбұзушылық жасаған кәсіпкерлердің жазасын қатаңдатуды сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Қарағанды тұрғындары үйдің маңындағы түнгі клубты жапқысы келеді. Сөздерінше, пәтер иелері түнгі клубтың кесірінен ұйқыдан айырылып, үнемі жанжалдың куәсі болады.

“Түнде шудан шошып оянамыз. Өйткені отшашулар атады, мастар көшеге шығып, айқайлайды, үнемі төбелес ұйымдастырады. Одан соң полиция келіп, айқай болады”, – деді Қарағанды тұрғыны Инесса Андреева.


“Көшеде дәрет сындырады. Ауладағы әткеншегімізді сындырды. Түнгі клубтың басшысына бұл айыппұл дым емес. Бір бөтелке виски құнымен тең. Әкімшілік айыппұл салынады”, – деді қарағандылық Жанат Рамазанова.


Тұрғындардың сөзінше, жақында ғана клубты екі рет тінтіді, кальяндарын тәркіледі. Екі рет кісі өлімі болған дейді. Мекеме біраз уақытқа жабылып, бірақ кейін жұмысын жалғастырды.

“Биыл "Тедд" рестобарына қатысты 102-ге 20 қоңырау түсіп, бес факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қалғандары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жұмадан жексенбіге дейін рестобарға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау үшін күзет қойдық. Жоғарыда аталған мекеменің иесімен әңгімелесу жүргізілді”, – деп мәлімдеді Қарағанды қалалық орталық полиция басқармасы бастығының орынбасары Серік Жұматов.


Жоспардан тыс тексеруді ашу үшін адамдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне өтініш жазуы қажет. Халық бас прокуратураның араласуын сұрап жатыр.
11 қыркүйек 2024 ж. 68 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031