Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото:  BAQ.KZ - архив
10 қыркүйекте синоптиктер еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтілетінін болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Ақтөбе, Өскемен, Риддер, Семей, Астана және Қостанай қалаларында ауа сапасы ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.
10 қыркүйек 2024 ж. 160 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930