Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Домбыраны ұшақ бортында алып жүру үшін жүк тасымалдау шарттары өзгеруі мүмкін

Домбыраны ұшақ бортында алып жүру үшін жүк тасымалдау шарттары өзгеруі мүмкін

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Көлік министрлігі әуе компанияларымен бірлесіп, домбыраны ұшақ бортында алып жүру мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Мәжілісте айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, әуе компаниялары бортқа қазақтың қасиетті қара домбырасын кіргізбейді. Бұл біздің ұлттық намысымызды қорлау деп түсінеміз. Қазақтың қасиетті домбырасы қатардағы жүк емес. Біздің ұлттық құндылығымыз. Бүгінгі таңда қасиетті домбыраға қалай болса солай қарау біздің ұлттық намысымызға тиеді. Сондықтан әбден тайраңдап кеткен әуе компанияларын қашан тәртіпке шақырасыздар? Киелі домбыраны әрбір өнер өкілі өзімен алып кіруі керек деп ойлаймын», - деді Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай.


Өз жауабында Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев әуе кемелерінде музыкалық аспаптарды тасу олардың габариттеріне байланысты екенін тағы да еске салды.

«Кейбір аспаптарды қазіргі әуе кемелерінің сөресіне орналастыру мүмкіндігі жоқ. Соған байланысты осындай сұрақтар туындап жатыр. Қазіргі уақытта әуе компанияларымен бірлесіп, осы шаруаны шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Керек болған жағдайда жол жүгін, қол жүгін тасымалдау шарттарына өзгерістер енгізуге дайындалып жатырмыз. Барынша осы мәселені әуе кемелерінің мүмкіндіктеріне байланысты шешуге тырысып жатырмыз», - деді С. Аблалиев.


Еске салсақ, былтыр айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Fly Arystan ұшағына домбырасын алып кіруге рұқсат берілмегенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазған еді. Кейін Мәжіліс депутаты ұшақтарға ұлттық аспаптарды кіргізбеуге қатысты әуе компанияларының әрекетін сынға алды.

Бұған дейін Air Astana компаниясының вице-президенті Александр Небога ұшақ ішіндегі қол жүгі жәшіктеріне кейбір заттарды салу мүмкін емес екенін айтты.
04 қыркүйек 2024 ж. 104 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031