Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Жолдауын қайдан көруге болады?

Президент Жолдауын қайдан көруге болады?

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Ақорда президент Жолдауын қайдан көруге болатынын жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.
Президент Жолдауы сағат 11:00-де барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ Ақорданың телеграм арнасынан мәтін түрінде трансляция жүреді.
Сонымен қатар Massaget.kz редакциясы YouTube арнасындағы тікелей эфирден де көре аласыздар.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс Төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді.
Отырыс Астанада өтіп жатыр.
Қыркүйек айында Қазақстанда жаңа саяси маусым басталады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, ол Президенттің Жолдауынан басталады. Кейінгі екі жылда Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа 1 қыркүйекте үндеу жасаған болатын.

Жаңа саяси маусым: Президент Жолдауы несімен маңызды?
Сарапшылардан Президенттің Жолдаудағы тапсырмаларының қалай орындалып жатқанын және бұл құжаттың мемлекеттік аппарат үшін неге аса маңызды екенін сұраған едік.
Еске салайық, Президент 2023 жылы 1 қыркүйекте Жолдау жасаған болатын. Жолдауда маңызды мәселелер көтеріліп, бірнеше тапсырма берілді. Оның ішінде:

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды
Көлік министрлігі қайта құрылды
Ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтерілді
Ірі кәсіпорындарға 5 жыл сайын аудит жасалатыны айтылды
"Келешек" ерікті жинақтау жүйесі пайда болатыны айтылды
Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдады
Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығы берілетіні айтылды
Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылатыны айтылды
АЭС салу референдум арқылы шешілетіні айтылды
2024 жылы ұлттық төлем жүйесін толық енгізу тапсырылды
"Отбасы банктің" қызметін қайта қарау тапсырылды
Қазақстанға шетелдік үш банк келетіні айтылды
Су тапшылығы қашан сезілетіні айтылды
Инвесторлар салықтан босатылатыны айтылды
Туризм саласында нақты тапсырмалар берілді
"Ұлттық қор - балаларға" жобасы қолға алынды
02 қыркүйек 2024 ж. 165 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031