Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қыркүйектен бастап стипендия өседі

1 қыркүйектен бастап стипендия өседі

Фото: Арман Мухатов
1 қыркүйектен бастап студенттерге арналған стипендия мөлшері 50%-ға дейін артады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Жолдауын орындау бойынша сөйлеген сөзінен

Премьер-министр мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толығымен орындалып жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға (52,8%) бағытталған. Жыл сайын ең төменгі және базалық зейнетақы, сондай-ақ жалақы мөлшері өсіп келеді. Колледж студенттеріне берілетін стипендия мөлшері 50%-ға, бакалавриатқа 20%-ға, магистратура мен докторантураға 15%-ға артты. 1 қыркүйектен бастап 445 мың студенттің стипендиясы өседі (15-50% шегінде).

1 млн 700 мың мектеп оқушысын, сондай-ақ бала-бақшадағы 100 мыңға жуық баланы тегін тамақтандыруды мемлекет толықтай өз мойнына алды. Оған бюджеттен 179 млрд теңге бөлінді. Биыл 1-сыныпқа 352 мың бала барады. Оқушы орындарының тапшылығын жою үшін 302 мектептің құрылысы жүргізілуде, 70 мектептің құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін әлеуметтік төлем енгізілді. Бүгінде 1,7 млрд теңге көлемінде аталған әлеуметтік көмекті 9 мыңнан астам жұмысшы алды.

Үкімет басшысы өткен жылы Отбасының цифрлық картасы іске қосылғанын атап өтті. Онда әрбір қазақстандық отбасы туралы, яғни 6 млн 300 мың отбасы туралы ақпарат бар. Барлық отбасы әл-ауқат деңгейіне байланысты 5 санатқа бөлінген. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, микронесие беру, субсидиялау, медициналық сақтандыру жүйесіне тарту арқылы қиын жағдайдағы отбасылар санын қысқартудың нақты тетігі әзірленді.

Әр отбасымен жеке жұмыс қазір әр қала, аудан орталығы және ауыл деңгейінде жүргізілуде. Барлық әкімдерге тиісті тапсырмалар беріліп, көрсеткіштер бекітілді.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жалғасуда. Биыл 102 нысанның құрылысы аяқталды. Жоспарланған 655 нысанды пайдалануға беру 4 млн-нан астам ауыл тұрғынын сапалы медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.
29 тамыз 2024 ж. 123 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 120

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930